Лұқман Хәкім ұлына: "Бұл өмірде 3 нәрседен бас тартпа!" деді... (өсиет)
Лұқман Хәкім ұлына: "Бұл өмірде 3 нәрседен бас тартпа!" деді... (өсиет)
2 жыл бұрын 16317

Дана Лұқман Хәкім өзінің ұлына айтқан нәсихаттарының бірінде былай депті:

- Ұлым! Бұл өмірде үш нәрседен бас тартпа:

  • 1) Ең тәтті тамақты жеуден,
  • 2) Ең жайлы төсекте жатудан,
  • 3) Ең керемет үйде тұрудан.

Мұны естіген ұлы:

- Әкетай, біз кедейміз ғой, бұларға қолым қалай жетпек?! – деп, таңдана сұрайды.

Сонда Лұқман Хәкім:

Қарның ашқан кезде ғана тамақ же, сонда ең тәтті тамақты жеген боласың. Көп жұмыс істеп, шаршап келіп жат, сонда ең жайлы төсекте жатқан боласың. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болып, олардың жүректерінен орын ал, сонда ең керемет үйде тұрған боласың! – деген екен. 

Алла баршаңыздың күндеріңізге береке жаудырсын!

Абдусамат Қасым

0 пікір