Ибн Халдунның афоризмдері
Ибн Халдунның афоризмдері
3 жыл бұрын 6139
Абдусамат Қасым
Тыныш заманда адамдардың бәрі бірдей. Қашан нәубет келсе, кімнің-кім екені белгілі болады.
Жекелеген адамдардың бір-біріне жасаған зұлымдықтары мен әділетсіздіктерін заңмен тыюға болады, бірақ патшаның әділетсіздігі, ол – ауқымдырақ әрі онысы тыюға шама келетін нәрсе емес. Патшаның әділетсіздігі – тоқыраудың жаршысы.
Дүниенің апатының төркіні – біздің «жоқ» деп баяу айтуымызда емес, «иә» деп асығыс айтуымызда жатыр.
Адамның өз білімсіздігін сезуі – білгірлік белгілерінің бірі.
Жағымпаздар табысқа жетті!
Адам - сөзімен таразыланады, бірақ ісімен құнды болады.
Адамды танығың келсе, оның кіммен жолдастық құрғанына қара. Шынында, адам табиғаты өзгенің табиғатынан ұрлайды. Байқасаңыз, біз бір-біріміздің мінездерімізден алып отырамыз және онымызды өзіміз білмейміз.
Зұлымдық (яғни, әділетсіздік) -  бір елдің (немесе бір мәдениеттің) қирайтындығының жаршысы.
Әдептіліктің шыңы  - сен жақсы білетін мәселе төңірегінде онша білмейтін әлдекім сөз етіп жатқанда үндемеуің.
Адам баласының барлығы тек өзара жәрдемдесумен кемелденеді.
Көп жақсылықтың бары – аз жамандықтың барымен кемеліне келеді.
Езілген халықтың – тәрбиесі бұзылады[1].

[1] https://mawdoo3.com/أقوال_وحكم_ابن_خلدون

0 пікір