Ибн Халдунның афоризмалары
Ибн Халдунның афоризмалары
2 жыл бұрын 2721

Пәлсапа пәнін аз оқыған кісі көбіне құдайсыздыққа жөнеледі. Ал пәлсапаны көп оқыған кісі, көп жағдайда иманға келіп жатады.

Халықтың бір-біріне жасаған зұлымдығын заңмен тоқтатуға болады. Бірақ патшаның зұлымдығы – ауқымды әрі тоқтатуға күш жетпейтін түрден. Оның зұлымдығы – мемлекеттің құлауының жаршысы.
Ертеректегі ойшылдар айтатын: «Ақылдың ақиқатты табуы таңданатын нәрсе емес, бірақ ақылдың ақиқатты таба алмауы таңданарлық нәрсе».
Адамның өзінің надандығын сезуі – білгірліктің белгісі»
«Арабты тек пайғамбарлық тағлымы жақсартады. Араб ұлтты адамнан мінез-құлық жоғалса, жабайы хайуаннан парқы қалмайды».
«Тарихтың беткі жағы ақпардан әріге аспайды. Бірақ қойнауында тұжырымдамалар мен зерттеулер жатыр».
«Кісі – сөзімен таразыланып, ісімен бағаланады».
«Тыныш заманда адамдардың бәрі бірдей. Кімнің-кім екені елге күн туғанда белгілі болады».
«Адамнан күш кетіп, әдебі мен діні бұзылса, адамдығы жойылады да, соңында ақиқатты жоюшыға айналады».
«Аз жамандық болмай, көп жақсылық болмайды». ( «Жаман айтпай, жақсы жоқ». Қазақ мақалы –ауд.)[1].

[1]  www hekams com

Аударған: Абдусамат Қасым

 

0 пікір