Хақты ойлаған жүректер былғанар ма?
Хақты ойлаған жүректер былғанар ма?
10 жыл бұрын 5603
Ерлан Садуақасұлы
Хақты ойлаған жүректер былғанар ма?!

Жаным болсын садақа – иман, арға!

Мұсылманға хидаят беретін тек,

Жаратушы Құдіретті  Бір ғана Алла!

Пенде амалын есепсіз қалдырмайды,

 Бар ғаламды бақылап тұрған Алла!

Амал, ниет таза болмай кеудемдегі,

Ар мен иман дәрежесі шыңдалар ма?

Сауапты істер, садақа болмаса егер,

Жалған амал маһшарда тыңдалар ма?

Жаратқанның әміріне бойсұнбасақ,

Адамдық қасиетте құн болар ма?

Әз Пайғамбар аманатын жалғастырсақ,

Айналармыз жүзі жарқын тұлғаларға!

Сауапқа да кенелерміз ерекше зор,

Қасиетті Құранды көп тыңдағанда!

Намазбенен ғибадаттан бақыт тапсақ,

Табылмас ондай сезім бар ғаламда!

Пенде үшін таусылмас нығмет жолы,

Хақ Исламды күмәнсіз таңдағанда!

Жаратқанмен Жәннатта қауышады,

Бар өмірін ізгі істерге арнағанда!

Ал сайтанның әскеріне айналады,

Өз адами болмысын былғағанда!

Кеудесіне сайтан нәпсі тор құрады,

Жалған байлық жанарын арбағанда!

Жәһілдікпен өкінішті рақат табар,

Адамдығын арсыздығы қорлағанда!

Жалындаған тозақтан қаша алар ма?

Бір сәтте құлшылығы болмағанда!

Пенделігі надандықтың құлы болар

Хақ әмірін ойына еш, алмаған да!

Өткізген бос күні үшін азап табар,

Ажал оғы жанын кеп жалмағанда!

0 пікір