Халифа Осман ибн Аффанның өсиеттері
Халифа Осман ибн Аффанның өсиеттері
11 жыл бұрын 5553

Кімде кім дүниені тастаса, Алла оны жақсы көреді. Кімде кім күнәларды тастаса, оны періштелер жақсы көреді. Кімде кім мұсылмандардың мал-мүлкіне сұқтануды қойса, оны мұсылмандар жақсы көреді.

***

Құлшылықтың тәтті дәмін төрт нәрсе арқылы таттым: біріншісі – Алланың парыздарын орындау, екіншісі – Алла харам еткен нәрселерден аулақ болу, үшіншісі – халықты ізгілікке бұйыру, төртіншісі – Алланың қаһарынан сақтану үшін жаман істерден тыйылу.

***

Тақуа адамның белгілері: дініне пайдасыз беталды сөйлейтін адаммен бірге отырмайды, дініне пайдалы нәрсені сезсе, дереу соған ұмтылады, халалдың өзін сақтықпен қолданады, әрдайым: «Тозаққа түсіп қалам ба?» - деген уайымда болады, дүние мүліктің көбейуін сынақ деп қабылдайды.

***

Өлімнің сөзсіз екенін біліп тұрып, қаперсіз тойлап жүргендерге өкініш. Дүниенің өткінші екенін біліп тұрып, оған құмартушыларға өкініш. Ризықтың тағдыр тақтасында жазылғанын біле тұрып, одан айырылып қалам деп қорыққанға өкініш. Қияметтегі Есеп күнін біле тұрып, дүние жинауға құмартушыларға өкініш. Тозақтың барын біле тұрып, күнәдан қашпағандарға өкініш. Жәннатты біле тұрып, оған ұмтылмағандарға өкініш. Шайтанның дұшпан екенін біле тұрып, оған ергендерге өкініш.

***

Аллаға шынайы құлшылық қылушы құлдың сипаты: жүзінде салиқалық сипаты болады, жүрген жерінде құт-береке орнайды, дені сау болады, жүрегі жұмсақ және онда Алладан басқа қорқыныш болмайды,  Қияметте қыл көпірден жарқ етіп тез өтеді.

***

Ақыретке қам жасамай өткен ұзақ ғұмыр - жоғалған өмір. Сол сияқты оқылмай тұрған Құран, амалға айналмаған білім, намаз оқылмайтын бос тұрған мешіт жоғалған деп есептелсе, қайырсыз нәрсеге жұмсалған мал-мүлік те жоғалғанға жатады.

2 пікір