Дін-шариғат жайында қазақша мақал-мәтелдер
Дін-шариғат жайында қазақша мақал-мәтелдер
5 жыл бұрын 10901 maqal-matelder.kz/
Мұсылманшылық әсте-әсте, Кәпір болу бір пәсте.
Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар. 
Құран сөзі - Құдай сөзі.
Құдай қылғанды былай қылма.
А, Құдай! А, Қүдай! Сыйынғанның белгісі.
Тек! Тәйт! Шәйт! Бұйырғанның белгісі.
Діні пәктің - ділі пәк,
Ділі пәктің - тілі пәк.
Шариғат - ағып жатқан бұлақ,
Бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ.
Тұттаған сөзді қолдаған,
Мұхаммедке үмбет емес.
Қол қолды табар,
Шариғат жолды табар.
Ескі мешітке көкек азаншы,
Есі кеткен ауылға есек азаншы.
Отыз күн оразаның бір айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
Шашы өскеннің ауылы кәпір,
Тырнағы өскеннің өзі кәпір.
Діні басқаның - тілі басқа.
Екі ойбайдың бір тобасы бар.
Жауынменен жер көгереді,
Батаменен ел көгереді.
Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.
Тамұқты көрмеген ұжмақтың қадірін білмейді.
Қырықтың бірі - Қыдыр,
Мыңның бірі - Уәли (әулие).
Әзірет Әлінің қылышы,
Саған да тиер бір ұшы.
Сұрай-сұрай Меккеге барады.
Заманақыр болғанда,
Пір мүриттерін іздейді.
Әр Мұсаға - бір перғауын.
Діні бір дәм береді,
Діні бөлек діңкелетеді.
Ұранға сенбе, Құранға сен.
Ауызашары келіспегеннің сәресісі де келіспейді.
Шариғат кескен бармақ ауырмас.
Мешітің алыс болса да,
Мазарың жақын болсын.
 Көп қайда болса, құдай сонда.
Қожа молданы басындағысынан білерсің,
Бек пен төрені қасындағысынан білерсің. 
0 пікір