Бір пенде бар
көкірегінде Құраны,
Нұрлы аятқа амал етіп тұрады.
Илаһи нұр көкейлерін көктем ғып,
Барша жаннан рухы асқақ тұр әні.
Бір адам бар
көкірегінде көктем көп,
Хақсыз күнді қойған өлшеп өткен деп.
Сәулеленген сәжде етумен санасы,
Азғырынды ала алмаған өктемдеп.
Бір пенде бар
жүрегінде нұрлы жас,
Тақуалығы құзар шыңмен құрбылас.
Иманы тек тілінде емес, рухында,
Ізгілігі тау тұлғамен тұрғылас.
Бір адам бар
жүрегінде құр әні,
Санасында күпірліктің сұрағы,
Ұлы Хақтың белгілерін білсе де,
Жүректері құлыптаулы тұр әлі.
Бір пенде бар
жанында тек жалғандық,
Ібілістің өрген жолын алған құп.
Былғанышқа батса-дағы болмысы,
Шайтандықты таңдап алған талғам ғып.