ӘЗІРЕТІ ОМАРДЫҢ ӨНЕГЕЛІ СӨЗДЕРІ
ӘЗІРЕТІ ОМАРДЫҢ ӨНЕГЕЛІ СӨЗДЕРІ
5 жыл бұрын 5857

- Cаған жамандық жасағанды жақсылық жасау арқылы жазасын бер! (Таспен ұрғанды, аспен ұр!)

- Ақиқатты түсінгенге дейін діндес бауырыңның іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарап, жақсыға жоры!

- Мұсылман бауырыңның аузынан шыққан сөзді жақсылыққа жору мүмкіндігі болса, ол жайлы жамандық ойлама!

- Өзі жаман ойлауға себеп болатын жерлерде жүрген адам жұрттың өзі жайлы жаман ойлағанына ашуланбасын.

- Өз сырына берік болған кісі мұратына жетеді.

- Сенімді достарың болсын, саясы тиеді. Сенімді, адал достар қуанышты кездерде сәндерің, қиналған кездерде көмекші құралдарың.

- Жаныңнан айыратынын білсең де, туралықтан бас тартпа!
- Өзіңе қатысы жоқ істерге араласпа!

- Көмектескісі келмейтін адамдарға қажеттілігіңді білдірме!

- Жалған ант беруді жеңіл деп ойлама, Алла сені сол үшін құрдымға батырады.

- Жамандық-қулықтарын үйреніп алу үшін болса да, азғын, пасық адамдармен жолдас болма!

- Дұшпандарыңнан аулақ жүр!

- Өзің сенбейтін достан сақтан. Ал ең сенімді адам – Алладан қорқатын адам.

- Мазарларға барғанда, терең құрметте бол!

- Күнә жасауды қаласаң, ақыры не болатынын ойла!

- Әрбір ісіңде Алладан қорқатын адамдармен ақылдасып отыр!

Қазақ тіліне аударған
Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

0 пікір