Алла жалғыз – Ұлық Ұста, Кемеңгер!
Хақтың жолы соңы бітпес кемел жол,
Несібең мен бар рыззығын беретін,
Алла үшін уақытым жоқ демеңдер!
Құлшылыққа немқұрайлы қарамай,
Болайықшы ертеңді ойлап елеңдер.
Мұсылмандық міндеттерді ақтармай,
Алла алдында дәрежеміз төмендер.
Пенделік қып болмашыға асықтық,
Тіршіліктің қадір құнын кеш ұқтық,
Дүниенің арбауына ғашық боп,
Құлшылықтың уақытынан кешіктік.
Құлшылыққа маған әлі ерте деп,
Ақиқатты танымай жүр көп пенде!
Жалған дүние аяқталар келте боп,
Әзірейіл жанға жақын жеткенде!
Мадақтайық Жаратқанның есімін,
Құлшылықпен жүрейікші Ұлықтай.
Нұрын шашып, Жәннат ашар есігін,
Шүкір етсек, әрбір сәтке ұмытпай.
Себепсізден жаралған жоқ әлемдер,
Бәрі де оның Мұстафаның (с.а.у.) құрметі!
Біздерді ойлап қияметте елеңдер,
Бола алдық па соған лайық үмметі?