Алла Ұлық ұстап тұрған ғаламды
Алла Ұлық ұстап тұрған ғаламды
8 жыл бұрын 8339
Ерлан Сәдуақасұлы

Алла Ұлық ұстап тұрған ғаламды,

Хақтың діні адастырмас адамды.

Имандылық мәңгі бақыт қайнары

Ал дінсіздік адасқан бір қараңғы.

 

Асыл дінім тек сенімен жай табам,

Бар бақытым иманда деп айта алам,

Өмір берсе, тек құлшылық етер ед(і),

Қайтыс болған пенделерге қайтадан,

 

Жаратушым асқан Қамқор Ұлықсың,

Хақ Исламым неткен мінсіз тұнықсың,

Бар пендеңді құлшылыққа бұйырдың,

Өлмей тұрып оның сырын кім ұқсын,

 

Құлшылықсыз сәттеріме жылаймын,

Береміз Хаққа бар есебін күн, айдың.

Мейірімі болмаса егер Құдайдың,

Кімнен қалай көмегімді сұраймын.

 

Жасаймыз көп күнәменен қателер,

Уа, Жаратқан жарылқай гөр, кеше гөр.

Пайғамбарға шыншыл үммет ете гөр,

Бар үмметін Жәннат баққа жетелер.

0 пікір