Адам бес нәрсеге алғашқыда қуанады, кейіннен өкінеді (өсиет сөз)
Адам бес нәрсеге алғашқыда қуанады, кейіннен өкінеді (өсиет сөз)
1 жыл бұрын 8222

Хәкімнің бірі айтқан екен:

Бес адам бар алғашқыда бес нәрсе үшін қуанады, бірақ артынан өкінеді. Ол бес нәрсе төмендегідей:

1) Жалқау. Баста қуанады, кейіннен мүмкіндігі ғайып болғанда өкінеді.

2) Доспен немесе туыспен ара қатынас үзген адам, басына іс түскенде өкінеді.

3) Дұшпандарын жеңуге мұрсат пайда болған сәтте, ол мұрсатты пайдалана алмаған адам өкінеді.

4) Жаман әйелге тап болған еркек, одан алдыңғы жақсы әйелін еске алғанда өкінеді.

5) Салиқалы, тақуа мұсылман күнә жасағанда өкінеді.

**** 

Төрт нәрседен құтылу үшін төрт нәрсені қою керек

1) Қайғы-мұңнан құтылу үшін, іштарлықты (көреалмаушылықты) қою керек.

2) Сөгістен құтылу үшін жаман адамдармен отыруды қою керек.

3) Оттан құтылу үшін күнәні қою керек.

4) Дұшпандықтан құтылу үшін, дүние жинауды қою керек.

****

Төрт ағат іс бар

Бұрынғы даналар айтады, төрт ағат іс бар, кім оны істесе онысы екі дүниеде де алдынан шығады:

1) Ғайбат. Біреуді ғайбаттаған адам, ғайбатталады.

2) Дін ғалымдарын қор көру. Бір ғалымды қорлаған адам, соңында өзі қорлыққа ұшырайды.

3) Құдайдың жақсылығын білмеген шүкірсіз адам, соңында жақсылықсыз қалады.

4) Нақақтан қан төгу. Ертеден қалған бір сөз бар «кім біреуді өлтірген болса, өзі де соңында біреудің қолынан өледі»1.


1Имам Ғазали, «тибруль мәскук» 118 бет.

0 пікір