Адам баласының исламнан басқа қорғаны жоқ
Адам баласының исламнан басқа қорғаны жоқ
11 жыл бұрын 3528
Омар Мита, жапондық ғалым

Жапон елінде тұратын әрі исламды қабылдаған Омар Мита деген ғалым бар. Осы кісінің ислам діні және ғаламдық қатынастар туралы жазған құнды ойлары көп. Соның бір парасын қазақ тіліне аударып ұсынып отырмыз. Омар Мита айтады:

Еуропа үлкен құлдырау жолында тұр. Салтанатты сарайлардың саясында жан күйзелісі, ақылдан адасу, өзіне қол салу, ұятсыздық, нашақорлық, маскүнемдік, әйел зорлау, қарақшылық, жыныс аурулары... т.б қозып жатыр. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен жақсы сезімі жоғалды. Бәрі өлімнен үрейлене қорқады. Отбасы тұтастығы мен оның мүшелері арасындағы байланыс үзілген. Мемлекет басшылары бұл жағдайдан шығудың жолдарын таба алмай дал болуда. Зиялы қауым рухани жұтаңдықтан әрекетсіз. Еуропаның алдында жалғыз жол тұр. Құтылудың жалғыз жолы. Бұл –Ислам жолы. Басқа таңдау жоқ.

Ислам – адамдардың  бұл дүниеде де, ақыретте де тыныш және еркін өмір сүргенін қалайды. Сондықтан сабыр мен ақылға бағынуды бұйырады. Нәпсіге еруге тыйым салады. Ақыл болмағанда адам әрдайым нәпсісіне бағынып, бәле-жалаға душар болар еді. Қанағаты жоқ адам нәпсімен күресу сауабынан құр қалар еді. Еуропаны тығырыққа тіреп отырған да, осы нәпсі мәселесі. Олар Алланың емес, өздерінің қалауымен өмір сүргісі келеді. Яғни, Жаратушы тыйым салған нәрселерге құмарта түсуде. Бұл апат.

Тек нәпсісіне бағынған адам шариғат шеңберінен шығады. Хадис шәрифте:  «Ақыретте болатын нәрселерді жануарлар білсе, сендер жеуге ет таба алмас едіңдер», делінген. Яғни, бұл жануарлар ақыреттегі азаптардың қорқынышынан ішпей-жемей қояр еді, сөйтіп  сендер жеуге ет таппас едіңдер, деген сөз.

Адам да нәпсі мен дүниеқұмарлық сипаты әуелден бар. Нәпсі улы дәріге ұқсайды. Дәрігердің нұқсауымен қолданған адам оның пайдасын көреді. Артық қолданған адамға зияны тиеді. Ислам нәпсіні жоюды емес, оны тәрбиелеуді бұйырады. Ал, Еуропада нәпсіні тәрбиелеу жайлы ұғым жоқ.

Біз, жапондар, бейбітшілік пен шындыққа, туралық пен адалдыққа ынтық халықпыз. Бірақ, уақыт өткен сайын кейбір жақсы қасиеттерімізді жоғалтып жатырмыз. Жалғыз Ислам ғана бізге жәрдем бере алады және бізді опат болудан аман сақтап қала алады.

Мұсылмандар жалғыз жаратушыға сиынады. Жапондықтар міне, осындай иманға мұқтажы. Барлық мұсылмандар өзара дос. Тек Исламға келу арқылы ғана адамдар түрлі пәлекеттерден аман қалады.

қазақша аударған Жолымбет Мәкішев

1 пікір
  • Кеше бала ең,келдің ғой талай жасқа,
    Көз жетті бірқалыпта тұра алмасқа.
    Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
    Не қызық барөмірде онан басқа?!
    Абай.
    11 жыл бұрын