Үндістандағы Ұлы Моғол мұсылман түрік империясы
Үндістандағы Ұлы Моғол мұсылман түрік империясы
5 ай бұрын 4949 Моғол империсының туы
Аударып, дайындаған islam.kz
Үндістандағы Ұлы Моғол мұсылман түрік империясы

Моғол империясы (урду: مغلیہ سلطنت; парсы: گورکانیان) — Захир ад-Дин Бабыр негізін қалаған, шамамен 300 жыл, нақтырақ айтқанда 1526 жылдан 1858 жылға дейін өмір сүрген ислам империясы. Оны - Моғол және Шағатай түрік әулеті билеген. Бұл әулет Үндістан түбегінің үлкен бөлігіне ғасырлар бойы билік етті

Моғол империясының бастауы Сұлтан Захир ад-Дин Бабырдың Дели сұлтаны Ибрахим Лодиді "Панипат" шайқасында жеңген кезден басталды. Моғол сұлтандары Орта Азиядан шыққан түрік-моғолдар болған. Бұл әулет - Шыңғыс ханнан (Шағатай хан) және Әмір Темірден тарайды.

Мемлекет Жалал ад-Дин Акбар таққа отырған кезде өзінің шарықтау шегіне жетті. Акбар мен оның ұлы Жаһангирдің билігі кезінде Үндістан экономикалық өрлеу мен діни төзімділікті бастан кешірді. Билеушілер жергілікті діндер мен мәдени дәстүрлерге көңіл бөлді.

Империяның жерлері Үндістан түбегін, яғни, Үндістан субконтинентінің кең аймақтарын қамтыды. (Үндістан субконтиненті, немесе Үндістан – бұл Азияның үлкен бөлігі. Оған қазіргі Үнді тектоникалық плитасында орналасқан елдер жатады, атап айтқанда: Бангладеш, Бутан, Үндістан, Непал және Пәкістан кіреді. Сондай-ақ, мұнда Шри-Ланка мен Мальдив аралдары сияқты континентальдық шельфтегі аралдар да енеді).

  • Ресми тілі: Парсы тілі. 
  • Ресми діні: Ислам (және Иләһи дін, Жәләлуддин Әкбар кезінде).
  • Билік жүргізген аймақтары: Үндістан түбегі (Қазіргі Үндістан, Бангладеш, Бутан, Непал, Пакістан, Шри-Ланка, Мальдив).
  • Ауданы: 4 000 000 шаршы шақырым.
  • Халық саны: 150 миллион (150 000 000) (1700 жыл).


Әурангзеб Әлімгирдің билігі кезіндегі Ұлы Моғол империясының картасы (ең үлкен даму кезеңі)

Моғол империясының атаулары

Бабырдың замандастары оның (Бабырдың) құрған империясын Темір империясы деп атаған, бұл атауды Моғолдардың өздері де жиі қолданған.

Моғол империясының тағы бір атауы – Һиндустан. Бұл атау «Айн Акбариде» жазылған әрі империяның ресми атауына ең жақыны осы атау делінеді. Моғол әкімшілік құжаттары аталмыш империяны "Билад-и Һиндустан" немесе "Билад әл-Һиндустан" және "Вилаят-и Һиндустан" немесе "Вилаят әл-Һиндустан" деп атады. "Моғол" немесе "Моғул" сөздерін Батыс елі «император» мен «үлкен империяны» білдіру үшін қолданған деседі. Соңғы император Баһадүр Шах Зафар өз империясын хиндустани тілінде Хиндустан деп атаған.

"Моғол" немесе "Моғул" сөзі араб және парсы тілдеріндегі "Моңғол" сөзінің бұрмалануынан шыққан. Дегенмен Бабырдың ата-бабалары Моңғолдарға қарағанда парсы мәдениетінің ықпалында көбірек болды. Бұған қарамастан, бұл империя араб тілінде Һинди сұлтандығы деп аталған, бұл Орангзебтің патшалық лауазымымен дәлелденеді.

Тарихы

Сури әулетімен қақтығыс

Моғыл әулетінің негізін қалаушы Захир ад-Дин Бабыр (Бабур) – әкесі жағынан Әмір Темірден, ал анасы жағынан Шыңғыс ханнан тараған. Ол 1497 жылдан бастап Самарқанның (Ферғана әмірлігі) әмірі болған. 1504 жылы Қабулды жаулап алып, сол жерден Үндістанға жорық жасаған, өйткені оның кейбір әмірлері өз билеушісіне қарсы көмек сұраған болатын. Лодилерді жеңгеннен кейін ол Үндістанның (Солтүстік және Орталық Үндістан) шаһы болды (1526-1530 жж.). Сури сұлтаны Шер Шах оның ұлы Хумаюнды (1530-1556 жж.) 1540 жылы Парсы еліне қуды. Хумаюн 1555 жылы билігін қайта қалпына келтіре алды.

Шарықтау кезеңі

Империя саяси тұрғыдан Сұлтан Акбардың (1556-1605 жж.) билігі кезінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Ол бүкіл Һиндустанды (Пәкістан және Солтүстік Үндістан) толығымен бақылауға алып, шығысқа Бенгалияға дейін жорық жасап, ондағы барлық мұсылман мемлекеттерін және мұсылман емес мемлекеттерін өз билігіне енгізді. Оның саясаты төзімділікке негізделген еді, сонымен қатар ол мұсылмандар мен үндістерге тең қарауға тырысты, мемлекеттің әкімшілік жүйесін жаңартты. Моғол мемлекетін дамыту жұмыстары Жаһангир (1605-1627 жж.) және кейіннен Шах Жаһан (1628-1658 жж.) билігі кезінде де жалғасты. Еуропа елдерімен (Британдық Ост-Үнді компаниясы арқылы) сауда алмасу қарқындап, мемлекетте өркендеу жағдайы орнады.


Дели қаласындағы "Қызыл Қорған". Шах-Жаһанның билігі кезіндегі басты сарай. 

Соңғы кезең

Соңғы ұлы моғол сұлтаны Әурангзеб (1658-1707 жж.) 1686 жылы Биджапурды (Оңтүстік Үндістан), содан кейін 1687 жылы Голконданы жаулап алды. Бірақ, Ол өз билігі кезінде басқа діни қауымдарға, яғни, сүнниттік бағыттағы мұсылман қауымынан өзгелерге қатал болды. Бұл әртүрлі діни қауымдар арасындағы теңдік саясатына кері әсерін тигізді. XVII ғасырдан бастап Үндістан алдымен Португалдықтардың, содан кейін Британдықтардың саяси және экономикалық қысымына ұшырады. 1707 жылдан кейін Моғолдар бір жеңілістен кейін екінші жеңіліске ұшырай бастады. 1739 жылы Иран-Парсы шахы Надир Шах Делиді басып алды. Ал, 1803 жылы Британдықтардың Үндістанды басып алу кезеңі басталды. Соңғы сұлтан (Мұхаммед Баһадүр Шах) 1857 жылы Британдықтар тарапынан тақтан тайдырылып, Королева Виктория "Үндістан патшайымы" деген атаққа ие болды.

Моғол сұлтандарының тізімі

Моғол сұлтандарының тізімі

Аты-жөні

Туған жылы

Билік еткен жылдары

Қайтыс болған жылы

Ескертпелер

Захир ад-Дин Бабыр

23 ақпан 1483

1526–1530

26 желтоқсан 1530

Анасы жағынан Шыңғыс ханның, әкесі жағынан Әмір Темірдің ұрпағы. Панипат шайқасы (1526) мен Ханова шайқасындағы жеңістерінен кейін мемлекеттің негізін қалады.

Хумаюн

6 наурыз 1508

1530–1540

Қаңтар 1556

Шер Шах басқарған Сури әулеті оның билігін басып алды.

Шер Шах

1472

1540–1545

Мамыр 1545

Хумаюнды тақтан тайдырып, Сури әулетін басқарды.

Салим Шах Сури

1500

1545–1554

1554

Сури әулетінің соңғы билеушісі.

Хумаюн

6 наурыз 1508

1555–1556

Қаңтар 1556

1530-1540 жылдары билік еткеннен кейін Сурилерден билікті қайтарып алды. Билікті біріктіріп, оны ұлы Жалал ад-Дин Акбарға қалдырды.

Жалал ад-Дин Акбар

14 қараша 1542

1556–1605

27 қазан 1605

 

Жаһангир

1569

1605–1627

1627

 

Шах Жаһан

5 қаңтар 1592

1627–1658

1666

 

Әурангзеб Әлімгир

21 қазан 1618

1658–1707

3 наурыз 1707

 

Баһадүр Шах I

14 қазан 1643

1707–1712

Ақпан 1712

 

Жаһандар Шах

1664

1712–1713

Ақпан 1713

 

Жалал ад-Дин Мұхаммед Фарухсиар

1683

1713–1719

1719

 

Шамс ад-Дин Рафи ад-Даражат

1699

1719

1719

 

Шах Жаһан II

1696

1719

1719

 

Ник Сир Мұхаммед

1679

1719

1743

 

Захир ад-Дин Мұхаммед Ибрахим

1703

1720

1744

 

Насыр ад-Дин Мұхаммед Шах

1702

1719–1720, 1720–1748

1748

 

Ахмад Шах Баһадүр

1725

1748–54

1775

 

Әлімгир II

1699

1754–1759

1759

 

Шах Жаһан III

1711

1759

1772

 

Шах Әлім II

1728

1759–1806

1806

 

Акбар Шах II

1760

1806–1837

1837

 

Мұхаммед Баһадүр Шах

1775

1837–1857

1862

 


Тәж-Махал, Агра қаласы (Үндістан). Ұлы Моғол сұлтаны Шах-Жаһан салдырған.  

Моғолдардың Үндістан түбегіне тигізген әсері

Урду тілі

Үрдү тілінің дамуы - Үнді мәдениеті мен Ислам мәдениетінің тоғысуының бір көрінісі болды. Бұл тіл билеушілер мен қол астындағы халықтың тілдерінің қоспасы. Яғни, негізгі бөлігі парсы сөздері мен оған сіңген көптеген араб сөздері және жергілікті үнді диалектілерінің терминдерінің қоспасы болып табылады. Бұл жерлерді Махмұд Ғазнауидің жаулап алуынан бастап, оның мұрагерлеріне шейін, жаулап алушылардың тілдерінен көптеген сөздері Үндістан диалектілеріне еніп кетті.

Ұлы Моғол қоғамы

Моғолдардың билігі кезінде Үнді экономикасы бұрынғыдай өркендеуін жалғастырды, бұған жол желісі мен бірыңғай валютаның құрылуы, сондай-ақ елдің бірігуі ықпал етті. Өнеркәсіп тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдері бүкіл әлем бойынша сатылды. Негізгі салаларға - кеме жасау (Үндістанның кеме жасау өнеркәсібі Еуропадағыдай дамыған болатын және үндістер бұл кемелерді еуропалық компанияларға да сатқан), тоқыма және болат өндірісі жатты. Моғолдар Меккеге қажылық сапарға барушыларды тасушы және Суратқа араб жылқыларын әкелуші шағын флотты ұстады. Синдтегі Дибл негізінен тәуелсіз болды. Моғолдар сонымен қатар әскерлерді өзендер арқылы тасымалдайтын өзен кемелерін де өз қарауына алды және бүлікшілерді де басып отырды. Флот адмиралдары қатарында Яхья Салих, Мұнавар Хан және Мұхаммед Салих Камбо деген кісілер болды. Моғолдар сонымен қатар Хабаш Жанжираны да қорғады. Оның теңізшілері жиі Қытайға және Шығыс Африканың Суахили жағалауына сапар шегетін, біраз Моғол тауарлары жеке секторда тұтынылды.

Қала мен ауылдардың гүлденуі

Моғолдардың билігі кезінде үлкен қалалар мен шағын қалашықтар гүлденді. Бұл қалалар әдетте өндіріс немесе сауда орталықтарынан гөрі, әскери және саяси орталықтар болды. Өнеркәсіптің көп бөлігі ауылдық жерлерде орналасты. Тек бюрократия үшін тауарлар өндіретін гильдиялар ғана қалаларда тауарлар шығарды.

Сонымен қатар Моғолдар, өз билігі астындағы әр провинцияда мектептер салдырды, онда жастарға Құран және ислам шариғаты өз тілдерінде оқытылды, мысалы, Әмжири Фәтуә жинағы сияқты.

Бұнымен қатар, қазіргі Бенгалия аймағы Моғолдардың билігіне өткеннен соң ерекше гүлденді. Бенгелия аймағы 1590 жылы Моғолдардың билігіне өткеннен бастап, 1757 жылы Британдық Ост-Үнді компаниясының бақылауына өткенге шейінгі аралықта ерекше гүлденді.

Адамдар табы

Байлықтың көп бөлігі жоғары тап өкілдерінде жинақталды, ал жұмыс күшінің жалақысы төмен болды.

Құлиеленушіліктің шеңбері шектеулі еді. Негізінен үй қызметшілерін ұстады. Кейбір діни қауымдар қол еңбегінің жоғары мәртебесін мақтан тұтты.

Дворяндар біртекті орган болды; олардың құрамы негізінен Раджпут ақсүйектерінен және бірқатар ислам елдерінен келген шетелдіктерден тұрса да, барлық діндер мен ұлттардың адамдары императордан атақ ала алатын.

Бай саудагерлердің орта тобынің саны аз болатын және олар жағалаудағы қалаларда өмір сүрді; олардың көп бөлігі салықтан жалтару үшін өздерін кедей қылып көрсететін.

Халықтың көп бөлігі кедей болды, олардың өмір сүру деңгейі Британдық билік кезіндегі кедей үндістердің өмір сүру деңгейіне тең немесе одан сәл жоғары болды. Британдықтар әкелген каналдар мен заманауи өнеркәсіптің кез келген пайдасы - халық санының өсуі, жоғары салықтар және XIX ғасырдағы дәстүрлі өнеркәсіптің құлдырауымен әлсіреді.

Дереккөз: ar.wikipedia org/wiki/سلطنة_مغول_الهند. Араб тілінен аударылды. islam.kz


  •  Balfour، E.G. (1976). Encyclopaedia Asiatica: Comprising Indian-subcontinent, Eastern and Southern Asia. New Delhi: Cosmo Publications. S. 460, S. 488, S. 897. ISBN:978-81-7020-325-4.
  • ^ Zahir ud-Din Mohammad (10 سبتمبر 2002). Thackston, Wheeler M. (المحرر). The بابر نامه: Memoirs of Babur, Prince and Emperor. New York: Modern Library. ص. xlvi. ISBN:978-0-375-76137-9In India the dynasty always called itself Gurkani, after [[[تيمورلنك]]] خطأ: {{لغة}}: عدم تطابق بين نص غير لاتيني (في الموضع 3: ت) والوسم الفرعي للخط اللاتيني (مساعدة)'s title Gurkân, the Persianized form of the Mongolian [kürägänخطأ: {{لغة}}: النص يحتوي على علامة مائلة (مساعدة), 'son-in-law,' a title he assumed after his marriage to a شجرة عائلة جنكيز خان princess.
  • ^ Richards، John F. (1995)، The Mughal Empire، Cambridge University Press، ص. 6، ISBN:978-0-521-56603-2، مؤرشف من الأصل في 2016-05-29، اطلع عليه بتاريخ 2013-07-31
  • ^ Schimmel، Annemarie (2004)، The Empire of the Great Mughals: History, Art and Culture، Reaktion Books، ص. 22، ISBN:978-1-86189-185-3، مؤرشف من الأصل في 2019-04-30، اطلع عليه بتاريخ 2013-07-31
  • ^ Balabanlilar، Lisa (15 يناير 2012)، Imperial Identity in Mughal Empire: Memory and Dynastic Politics in Early Modern Central Asia، I.B.Tauris، ص. 2، ISBN:978-1-84885-726-1، مؤرشف من الأصل في 2016-06-10، اطلع عليه بتاريخ 2013-07-31
  • ^ Roy Choudhury، Makhan Lal. The Din-i-Ilahi:Or, The Religion of Akbar.
  • ^ موقع قصة الإسلامانتصار السلطان بابر شاه، 9 من شعبان 932 هـ = 21 من مايو 1526م. مؤرشف من الأصل في 2016-03-07. اطلع عليه بتاريخ 10 رمضان 1436 هـ.
  • ^ Avari, Burjor (2013). Islamic Civilization in South Asia: A History of Muslim Power and Presence in the Indian Subcontinent (بالإنجليزية). Routledge. ISBN:978-0-415-58061-8. Archived from the original on 2023-07-11.
  • ^ Vanina, Evgenii͡a I͡Urʹevna (2012). Medieval Indian Mindscapes: Space, Time, Society, Man (بالإنجليزية). Primus Books. ISBN:978-93-80607-19-1. Archived from the original on 2023-07-11.
  • ^ Levtzion، Nehemia؛ Levtsiyon، Neḥemyah، المحررون (1979). Conversion to Islam (ط. 1. publ). New York, NY: Holmes & Meier. ISBN:978-0-8419-0343-2.
  • ^ Fontana، Michela؛ Fontana، Michela (2011). Matteo Ricci: a Jesuit in the Ming Court. Lanham, Md.: Rowman & Littlefield. ISBN:978-1-4422-0588-8.

 

 

0 пікір