Қас дұшпандарының Пайғамабарымызға (с.а.у.) деген көзқарастары
Қас дұшпандарының Пайғамабарымызға (с.а.у.) деген көзқарастары
5 жыл бұрын 2986

Мүшріктер жұртшылықты жұмылдырып, небір қастандықтар жасаса да, өміріне тікелей қауіп төндірсе де, дұшпандары Алла расулінің (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жақсы адам екенін әрқашан мойындады себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұрттың «әмин» (сенімді) деген құрметіне ие болған. Олар Алла елшісінің осы қасиетін мойындап жүретін.

Сондай-ақ айтып жүрген нәрселері де ол дәуір үшін елеусіз қалдыратындай мәселелер емес-тін. Нақақтан нақақ қан төкпеу, зинаға жоламау, ұрлық жасамау, өзгенің мүлкіне көз тікпеу секілді қоғамның тыныштығын көксейін әрбір азаматтың бойынан табылуы керек құндылықтар.

Сонымен қатар, әке-шешеге жақсылық жасап, олардың көңілдеріне қаяу түсірмей, туысқандар арасындағы жақындық пен бауырмашылықты арттыратын ізгі қатынас жасау, өзгелермен тату-тәтті өмір сүру, менменшіл әрекеттерден бойын аулақ салып, мұқтаж жандарға қол ұшын беру де ол дәуірде соншалықты таңсық нәрсе емес-тін.

Бірақ Аллаға деген иман, Құран Кәрімнің хикметті сөзі, ақырет сырлары сынды Алланың даналық белгілері олар үшін тым таңсық етін. Алаңсыз өмір сүреуге кедергі келтіретін кез келген нәрседен ат-тондарын ала қашатын. Шынында, дүүние есігін ашқаннан осы уақытқа дейінгі өмір салттарынан бас тартып, жаңа бір жолға түсу оңай нәрсе емес. Бұл асқан көрегендікті, мәрттікті қажет етеді.

Бірақ сол Әбу Жәһил, Әбу Сүфиян және Ахнас ибн Шәриктердің өздері бір-бірінен жасырынып келіп, намазда Құран аяттарын оқып жатқан Алла елшісінен Құранды тыңдаушы еді. Олар таң қалыстарынан арыла алмай ұзақ уақыт ұйып тыңдап қалушы еді. Құлақ құрышын қандырар әуез жаздың аптап ыстығында Алланың рақымындай көктен жауған салқын жаңбыр тамшылары істептті еді.

Құран аяттарының жанға жайлы әуезі тоқтағанда, әрқайсысы өз үйлеріне қарай бет алатын. Бір-бірінің Құран тыңдап жүргенін біліп қалып:

-Бұдан кейін мұндай нәрседен аулақ жүрейік. Әйтпесе арамызда жүрген босбелбеу ынжықтардың жүректеріне күмән ұялап, бізден көргенін істеп осыда келеді де, соңынан мұсылман болып кетуі ғажап емес, - деп өз беттерінше тарап кетеді.

Мұны ауызбен айту қаншалықты оңай болса да, кеше түнде куә болған ғажап көрініс пен бойыд баураған әсем әуезді ойдан сылып тастау әсте мүмкін емес еді. Үнемі саналарынан шықпайтын. «Тағы бір рет барып тыңдағанда тұрған не бар? Осы жолы кешегілер кездеспес» дейтін.

Шын мәнінде бұл пікір тек біреуінің ғана емес әлгі үшеуінің де ойына келген еді. Ертесі күні түн жарымында тағы да сол жерге келіп, мейірлері қанғанша Құран тыңдап, қайтар жолда тағы сол баяғы жерде үшеуінің жолдары түйіседі. Неткен сұмдық! Бұл қалай болғаны? Күні кеше ғана сөз бермеп пе еді бір-бірлеріне? Қою қараңғы түнде қызарған жүздері көрінбесе де, дауыс ырғақтарынан ұялғандарынан жерге кіріп кете жаздап тұрғаныр аңғару қиын емес-ті. Тағы да кешегідей қайтып мұнда келмеске, бұдан былай мұндай масқарашылық жасамауға ант су ішіп тарасты.

Міне, ақыры үшінші түн келіп жетті. Ел үйқыға кетіп айнала саябырсыған шақта әлгі үш кісі тағы да Пайғамбарымызды (с.а.у.) тыңдау үшін жолға шығады. Үшеуі де дәл осы жолы бір-бірінің мұнда келмейтіндігіне сенімді болатын. Таң қылаң беріп, жарық түсе бастаған шақта үйлеріне қайтып келе жатып үшінші рет әлге жерде бетпе-бет келеді. Мұндай қарама-қайшылықты кім көрген? Әрі бітіспеске бел буған қас дұшпаны болып, әрі түн жармылып келіп оны жасырын тыңдауды қалай түсінген жөн? Сөйте тұра осының барлығын жиып қойып, оны тыңдау үшін құмбыл болып солай қарай жүгір де тұр!

Олар бір-бірлерін кіналап жазғыра бастайды. Ақыры қандай жағдайда болса да, бұлай қарай аттап баспау үшін өлердегі сөздерін айтып уағдаласты.

Ертесі күн таңертең Ахнас ибн Шәрик аса таяғын ала сала Әбу Суфиянның қасына жетіп барды да:

-Ей, Әбу Ханзала! Айтшы маған. Мұхамметтің айтып жүрген нәрселеріне деген көзқарасың қалай? – деп сұрады. Әбу Суфиян сөйлесіп отырған кісінің түпкін ниетін білмей оған сыр алдырғысы келмеді, сондықтан:

-Ал өзіңнің ойың қандай? – деп сұрағына сұрақпен жауап қатты. Ойын іркіп, жасырып қалуды жөн деп таппаған Ахнас:

-Ашығын айтсам мен оның тура жолда жүргеніне күмәнім жоқ, - деп жауап берді. Әбу Суфиян іштегі қауіпінен аз да болса сейіліп:

-Әбу шаъләба, Алланың атымен ант етейін, осы күнде дейін естіген нәрселерім өте көп болды. Қандай сөз нені тұспалдап айтқандығын өте жақсы түсінетіндей ақылып бар. Яғни, қай сөзде шындық я жалған жатқанын жақсы білемін – дей бергенде сөзін бітірмей жатып шыдамы таусылған Ахнас:

-Дәл солай. Уаллаһи, мен де тап сондай күйдемін, - дейді ағынан жарылып. Бұл олардың ақиқатында Алла елшісін растап, оның халыққа насихаттап жүрген нәрселерінің шынайы екендігін мойындағаны еді. Алайда бұны сыртқы әлемге жария оңай іс емес.

Осыдан соң Ахнас ибн Шәрик Әбу Суфиянның үйінен шығып тұп-тура Әбу Жәһилдің қасына барады. Осы нәрселер жайында онымен де пікірлескісі келеді:

-Әй, Әбу Хакам! – әдеп әңгімеге басаған ол әрмен қарай: - Мұхамметтің айтып жүрген нәрселері жайында пікірін қандай? – деп сұрайды.

- Қайдағы пікір? – деп жалтарғысы келеді Әбу жәһил. Алайда Ахнастың алған бетінен қайтар түрі жоқ.

- Мұхаммед жайлы ойың қандай деймін? Айтып жүргендері рас па? Әлде өтірік пе? Қорықпа, мұнда бізді тыңдап тұрған басқа ешкім жоқ, - дейді. Алып қашты жауап қайтарып құтыла алмайтынын сезген Әбу Жәһилдің салы салы суға кеткендей аыр бір күрсінді де әңгіменің тоқ етеріне көшті:

- Алланың атымен ант етейін, Мұхамметтің айтып жүргендері шындық. Оның жалған сөйлемейтінін барлығымыз да жақсы білеміз, бірақ Құсай ұрпақтарының туға ие болуы, Қағба қызметі, зәмзәм суыр тарату қызметі, сырттан қажылыққа келгендерге ас-су беруі, ол аздай енді араларынан бір пайғамбар шыққанын ойласам, өзімді қоярға жер таппай кетемін. Олар осы нәрселердің барлығын өз қолдарына алса, Құрайыштықтардың қандай күйге түсетінін ойладың ба? Әйтсе де біз, яғни, Манаф ұрпақтары абырой мәселесіне келгенде бәсекелестіктен артта қалғанымыз жоқ. Олар ас-су таратса, біз де тараттық.  Олар ауыр жүкті мойындарына алып халыққа қызмет етсе, біз де қалыспадық. Қолдарында бар мүмкіндік пайдаланып қызмет көрсетсе, біз де мал-мүлкімізді басқалардан аяп қалған жоқпыз. Нәтижесінде олармен қабаттасып қатар келе жатқанда, енді келіп олар: «Біздің арамызда көкетен хабар жеткізетін бір елшіміз бар», - деп жүр. Айтшы қане, біз енді бұған басқаша қалай жауап бере аламыз? Уаллаһи, оны мойындамаудан және айтқандарын жоққа шығарудан басқа амалымыз жоқ, - деген болатын[1].

Жүректері күпіршіліктің қырық қабат пердесімен тұмшаланған болса да, ұждандарымен бетпе-бет келгенде мазалары қашып, өздерін қоярға жер таппаушы еді. Осындай сәттерде ынсапқа келіп турасын айтатын.

Сол күі төсегінен оң жамбасымен тұрды ма кім білсін, әйтеуір жолда кетіп бара жатп Әбу Жәһил Алла елшісіне ұшырасады. Жүзіне қайға мен мұң ұялаған Пайғамбарымызды көргенде бір сәту тәубесіне келіп оны жұбату үшін:

-Ей, Мұхаммед! Біз сені өтірікші деп кінәлап жүргеніміз жоқ. Сенің бізге ұсынып жүрген нәрселеріңнен бас тартып, соларды мойындамаудамыз, - дейді.

Алла Расулінің бұл жағдайлардан хабары бар еді.  Олардың осы күнге дейін көрсеткен қылықтарынан олардың ниеттері ап-анық көрінетін. Оның үстіне Жебірейіл де келіп:

«Уа, Хабибім! Олардың алға тартып жүрген нәрселерінің сені мұңайтып жүргенін білеміз, бірақ қапаланып мұңаюшы болма, өйткені шүбәсіз олар ешқашанда сені өтірікші дей алмайды. Алайда ол залымдар Алланың аяттарын жалғанға шығаруда», - деген аятты жеткізеді[2]. Себебі, мұндай ойды тек Әбу Жәһил ғана емес, Харис ибн Амр секілді кісілер де ашықтан-ашық айтатын. Олар Пайғамбарымызға дұшпан болып оған қарсы шықса да, кешкісін үйлеріне барып, ар-ұждандарымен оңаша қалған сәтте: «Мұхаммед еш уақытта өтірік айтатын кісі емес. Мен оның тек шындықты ғана айтатын адам екеніне күмәнім жоқ», - деуден басқа лажы қалмаушы еді[3].

Міне, нағыз кемеңгерлік, ұлылы деген осы емес пе? Кіршіксіз әрі пәк өмір сүргендігі соншалық – қас дұшпандарының өзі Расулалланың артықшылығын мойындап, өзгелердің алдында ағынан жарылып, ақиқатын айтуға мәжбүр болатын...

«Жүрек төрінен орын алған теңдесіз тұлға Мұхаммед» атты кітаптан.  

 

 



[1] Ибн Хишам: «Сира». 1/269; Сүһәйли: «Раудуль Үнф». 1/280 бет.

[2] Құран Кәрім: «Әнғам» сүресі, 33 аят.

[3] Уахиди: «әсбәбун нузулиль Құран».

0 пікір