Дүниеден бас тартқан бір адам үшін әділеттілік және ынсаптылық өте жеңіл іс болып саналады. Алайда халықтың мұң-мұқтажын жоқтап жүретін Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) секілді, бір-бірлерін ата жауындай көретін қауымдар арасында өмір сүретін және сондай қауымдарды татуластыру жолдарын қарастырып жүретін бір адам үшін адалдық пен шындық тізгінін ұстап жүру – өте ауыр бір іс. Алла елшісі (с.а.у.) бүкіл қиындықтарға қарамастан адалдық пен шындықтан ешқашан айырлмасатн адамдарды хаққа шақыруын тоқтатпаған.
Бірде Махлуми тайпасынан бір әйел ұрлық жасайды. Ал Құрайыштықтар үлкен жанұядан шыққан ол әйелдің жазаға тартылмауын қалап, осы іс бойынша Пайғамбарымызға (с.а.у.) асыранды баласы Зәйттің (р.а.) ұлы Әзіреті Усаманы араға салады. Сонда Алла елшісінің реңі бұзылып былай дейді:
«Осы сияқты өз жақтарына ара түсіп, бай-шонжарларды жазаға тартпай, кедейлерді ең ауыр жазаға тартқандары үшін Исрайлұлдары құрыды (лағынетті қауым болды). Қызым Фатима да ұрлық жасаса, оның да қолын кесіп тастар едім»[1].
Хайбар яһудилерінің жерлері басып алынғаннан кейін, сол жерлер мұсылман әскерлеріне үлестіріліп берілген еді. Бірақ сол жерге егін егу құқығы жергілікті тұрғындардың өздеріне қалдырылған-тын. Астық жинау науқанында Абдулла ибн Сүхәйм (р.а.) салық жинау үшін жиені Мұхайсаман бірге Хайбарға барады. Яһудилер жасырын түрде Абдулланы (р.а.) өлтіріп, денесін бір шұңқырға тастап жібереді. Мұхайса (р.а.) кері қайтып, Пайғамбарымызға яһудилердің көкесін өлтіргендіктерін хабар береді. Сонда Алла елшісі:
«Яһудилердің көкеңді өлтіргендігіне ант етесің бе?» , - деп сұрайды. Мұхайса: «Жоқ, өйткені көзіммен көргенім жоқ», - дейді. Расулулла (с.а.у.): «Олай болса, яһудилер ант етсін!» - деп айтады. Мұхайса: «Бірақ олар өтірік ант етеді», -дейді.
Осы жерде яһудилерден басқа ешкім тұрмайтындығына байланысты сахаба Абдулланы (р.а.) солардан басқа ешкімнің өлтіруі мүмкін емес болса да, Алла елшісі яһудилерді жазаға тартпай, Мұхайсаға көкесінің құнын[2] мемлекет қазынасынан төледі. Себебі сахаба Абдулла ибн Сүхайм (р.а.) мемлекет ісін атқарып жүрген кезінде қаза тапқан еді.
Сахабалардан Әбу Хадрад (р.а.) деген кісі бір яһудиден біраз мөлшерде қарыз алған еді. Бірақ үстіндегі киімінен басқа ешнәрсесі жоқ болатын. Қарыз берген яһуди қарызын төлеуді талап етеді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хайбар соғысына дайындық жүргізіп жатқан тұғын. Әбу Хадрад яһудиден уақытын созуын сұраса да яһуди құлақ аспастан Әбу Хадратты (р.а.) Расулалланың алдына алып келеді. Әбу Хадрад (р.а.) үстіндегі киімінен басқа ешнәрсесі жоқ екендігін және соғыс олжасынан қолына бір нәрсе іліксе, сол кезде төлеймін деп ойлағанын айтады. Әзіреті Пайғамбарымыз қарзыдың міндетті түрде өтелуі керектігін айтқанда Әбу Хадрад үстіндегі киімінің бір бөлігін сатып, қарызын өтейді. Сөйтіп сәлдесін арқасына орап алады[3].
Осылай бұрмалаушылыққа жол бермейтініне көзі жеткен соң тек мұсылмандар ғана емес, олардың қас жауы яһудилер де дауларын шешу үшін Пайғамбарымызға (с.а.у.) келе бастады. Пайғамбарымыз болса, яһудилердің дауларына киелі кітаптары Таурат бойынша үкім айтытын еді.
«Пайғамбарымыз және оның күнделікті іс-әрекеттері» атты кітаптан.
[1] Сахих Бұхари. Хадид, 11.
[2] Ислам шариғаты бойынша бір адамның жаны 100 түйеге бағаланады.
3] Ахмад ибн Ханбәл: «Мүснәд». ІІІ, 243.