КИЕЛІ ҚАЛАДАҒЫ БАҚИ МАЗАРАТЫНЫҢ ТАРИХЫ (ФОТО)
КИЕЛІ ҚАЛАДАҒЫ БАҚИ МАЗАРАТЫНЫҢ ТАРИХЫ (ФОТО)
2 сағат бұрын 135 islam.kz/

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымызды зияраттап Мәдина қаласына жолы түскен әрбір мұсылман қасиетті Бақи зиратына соқпай кетпейді. Бұл – топырағына сахабалардың денелері жерленген киелі мекен. Бұл мақаламызда зираттың тарихы мен онда жатқан ұлы тұлғалар туралы баян етпекпіз.

«Әл-Бақи» – Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің іргесінде орналасқан, тасы жоқ, жұмсақ топырақты жазық дала. Алла Елшісі Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, бұл жер тікенді бұталар басқан иен мекен еді. Пайғамбарымыз мешіт құрылысын бастаған кезде, бұл жер телімін екі жетім баладан сатып алған болатын.

Кладбище Баки

Бақиға ең алғаш жерленгендер

Бақи зиратына ең алғаш болып жерленген ансарлық сахаба Әсәд ибн Зурара (р.а.) еді. 624 жылы мұсылмандар Бадр шайқасында жүргенде, Мәдинада Пайғамбарымыздың қызы Рұқия (р.а.) науқастан көз жұмады. Ол да осы Бақи топырағына қойылды. Көп ұзамай, мұсылмандар жеңіспен оралған соң, мухажир Осман ибн Мазун (р.а.) осы жерден мәңгілік мекенін тапты. Ол мұһажирлердің арасынан осында жерленгендердің ең алғашқысы (радияллаһу анһ).

Кладбище баки

Бүгінде бұл жерде Пайғамбарымыздың он мыңға жуық ардақты сахабасы жатыр. Сондықтан Мәдина қаласына барғанда мүмкін болса күн сайын осы мекенді зиярат етіп, өткендерге дұға бағыштаудың қадірі мен сауабы өте жоғары.

Кладбище Баки

Бақи зиратына кіреберісте Пайғамбарымыздың қыздары – Үммі Гүлсім, Рұқия және Зейнептің қабірлері бар. Одан әрірек жүрсеңіз:

  • Пайғамбарымыздың немере ағасы Аббас (р.а.) пен Кавказдың арыстаны Имам Шәмілдің қабірі орналасқан;

  • Пайғамбарымыздың сүйікті қызы Фатима мен немересі Хасанның (р.а.) мәңгілік мекені де сол жерде;

  • Пайғамбарымыздың тоғыз бірдей жары (Мүміндердің аналары);

  • Пайғамбарымыздың кішкене кезінде шетінеген ұлы Ибраһим;

  • Мәшһүр фиқһ ғалымы Имам Мәлік;

  • Үшінші халифа Осман ибн Аффан мен әйгілі сахаба Әбу Сайд әл-Худри жерленген.

Сондай-ақ, бұл жерде Мәдинада дүниеден өткен мыңдаған сахабалар, табиғиндер, әулиелер мен тақуа жандар жатыр. Алла олардың бәріне разы болсын! 

Кладбище Баки

Қазіргі уақытта Бақи зиратында нақты кімнің қай жерде жатқанын ажырату оңай емес. 1925 жылы Ибн Сауд королдің бұйрығымен қабір басындағы барлық ескерткіштер мен кесенелер алынып тасталған болатын. Кейіннен әлем мұсылмандарының өтінішімен зират аумағы абаттандырылып, ең танымал тұлғалардың қабіріне апаратын арнайы жолдар салынды.

Кладбище Баки

Бақи зиратының қасиеті мен дұғасы

Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Пайғамбарымыз әр түні Бақи зиратына барып, олар үшін былай дұға ететін болған:

«Мүмін қауымның мекеніне есендік болсын! Сендерге уәде етілген нәрсе келді, біз де Алла қаласа, жақында сендердің соңдарыңнан жетеміз. Иә, Алла! Бақи әл-Ғарқад иелерін жарылқай гөр!» (Имам Мүслим).

Жаратушы Иеміз баршамызға Бақи зиратында жатқан сахабалар мен ізгілердің шапағатын нәсіп етсін! Әмин.

Кладбище Баки


Дереккөз: islam.ru (орыс тілінде).

 

0 пікір