Актриса Мадиха Камәл - Өмірін күрт өзгерткен бір хадис.
Актриса Мадиха Камәл - Өмірін күрт өзгерткен бір хадис.
5 жыл бұрын 14691

Мәдиха Камәл өз уақытында тек Египеттің ғана емес, бүкіл араб киносының ең жарық жұлдыздарының бірі болған. Бірақ Мұхаммед пайғамбардың бір хадисін естіген ол өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдады, деп жазады gzt.com. 

Мадиха 1948 жылы 3 тамызда Александрия қаласында (Египет), орташа табысты отбасында дүниеге келді. Отбасында алты бала болды. Мектептің өзінде Мадиханың актерлік шеберлігі байқалып, оған мектеп қабырғасындағы театр қойылымдарында әр түрлі рөлдер беріліп жүрді.

Medîha Kâmil'in bebeklik fotoğrafı...
Мадиханың бала кезі / Фото: gzt.com

1962 жылы Мадиха Каир қаласына көшіп, онда университетке түсті. Осы жылдары ол театрда да ойнай бастады. Ол кез - Мысырдағы кино мен театр саласының шарықтау кезеңі еді. Сондықтан дарынды актриса тез көзге ілікті. 1966 жылы «30 күн қамауда» фильмінде басты рөлге ие болды.

Medîha Kâmil, kısa süre içinde şöhretin basamaklarını tırmanmaya başladı.
Мадиханың атағы жер жарып тұрған кезі / Фото: gzt.com

Одан кейінгі жылдары Мадиха үлкен жетістіктерге жетіп, атағы жер жарған актрисаға айналды. Ол Мысырда ғана емес, бүкіл араб әлемінде әйгілі актриса атанды. «Кінә» (1967), «Түн қақпасы» (1969), «Суккария» (1973), «Жалғаншы» (1975), «Жерден алыс» (1976), «Ұйқысыз көз» (1981), «Қолдан келгенін сақтап қал» (1985),« Мен »(1987),« Үнсіздік »(1989),« Каир »(1990) деген фильмдерге түсті. Бұл фильмдер Мадиханың жұлдыздай жаңған бірнеше фильмдері ғана.

Kâmil sadece Mısır'da değil, bütün Arap dünyasında büyük şöhrete sahipti. 

1992 жылы актриса әйгілі режиссер Әділ Асардың «Ібіліс қақпалары» фильмінде басты рөлде ойнай бастады. Бірақ жоба аяқталуға шақ қалғанда, күтпеген жерден Мадиха түсірілімнен бас тартып, киноматографиядан бір жолата кететінін мәлімдеді. Бәрі – аң-таң. Сенерін, не сенбесін білмей дал болды.  Баста режисер әзілдеп тұрған шығар деп ойлаған. Бірақ қанша райынан қайтаруға тырысса да Мадиха дегенінен қайтпады. Түсірілімді аяқсыз қалдырмау үшін дублерді алмастыруға тура келді.

Örtündükten sonra tamamen inzivaya çekilen Medîha Kâmil'in bu döneminden geriye iki kare fotoğraf kaldı.
Мадиханың әртістік саласынан кетіп, шариғат шәлісін таққан кезінен тек екі фотосурет қана бар / фото: gzt.com

 

Мадихаға бірдестен өмірін өзгертуіне не түрткі болды?

Қайтыс боларынан аз уақыт бұрын Мадиха өзінің бір сұхбатында өмірін өзгертуге түрткі болған оқиғаны былай деп әңгімелеп берген екен:  «Бір күні мен Алла Елшісінің (Мұхаммед пайғамбардың ғ.с.) хадисін оқыдым. Ол хадисте: «Мықты мұсылман, әлсіз мұсылманнан гөрі Аллаға сүйкімдірек» делінген. Мен аталмыш хадистің мәні жайында ұзақ ойландым. Ақырында құл егер мықты әрі күшті болса, Алла ол құлынан разы болатындығын ұқтым. Мен мықты болуды таңдадым. Кейін отырып өмірімді бүге-шүгесіне дейін зерделедім, таразыладым. Сонда байқағаным: атақ-даңқ, ақша, сахна – бұлардың бәрі мендегі ең әлсіз нәрселер екен және мені де әлсіретіп жатқан да солар екендігін түсіндім. Ал, иман мен сабыр болса, ең құнды әрі ең күшті құндылық. Аталмыш әлсіз нәрселерді бұл екі құндылықпен салыстыруға да келмейді. Сондай ойдан кейін, ақырында, кинодан кетуді ұйғардым», - дейді Мадиха.

Genç yaşında şöhreti elinin tersiyle iten Medîha Kâmil, vefatına kadar triko atölyesinde kıyafet üretip satarak seçimini sağladı.
Актерлық карьерасынан бас тартқан Мадиха киім өндірісімен айналыса бастады / gzt.com

Өмірі толығымен өзгерген Мадиха, басына шариғат шәлісін киіп, өзін ғибадатқа, дінді оқуға және кедейлерге көмектесуге арнады. Ол сұхбат бермейтін. Бір сұхбат берген екен, оның өзі әртістердің арасында тұрпайы қабылданғандықтан, сұхбаты жария етілмеген. Сондай-ақ, жеке көзқарастары мен пікірлерін де жариялай бермейтін болған. Тек, бір кезінде өзі жайында жазылған жалған ақпаратқа қарсы пікір жазғаны бар. Көбіне ол оңашалануды жақсы көрді.

Кинодан кеткеннен кейін Мадиха шағын тоқыма ателье ашып, нәпақасын киім тігумен тапты. Өмірінің соңғы кезендерінен тек екі фотосуреті  мен достарының жылы лебіздері ғана естелік ретінде қалған. Актриса 1997 жылы 13 қаңтарда, небәрі 48 жасында қайтыс болды.

Оның өлімі өзі қалағандай болды – яғни, Рамазан айында дүние салды. Ол сәресіні ішіп, әдеттегідей таң намазын оқып болғаннан кейін, Құран оқып отырған сәтінде кенеттен жүрегі тоқтап, бақилық болды. Мекені жәннәт болсын! 

Дереккөз: islamosfera.ru  
Аударған: islam.kz

0 пікір