Ю. Қардауи. Құмар ойыны - арақтың жолдасы
Ю. Қардауи. Құмар ойыны - арақтың жолдасы
Кеше 372
А. Қасым

Бисмилләһир рахманир рахим

Ислам діні мұсылман пендеге көңіл көтеріп, бойды сергіту үшін біраз ойын-сауық түрлерін рұқсат етті, бірақ құмар араласатын ойынның бәрін харам қылды. Құмар ойыны деп, ойыншыны не ұтып пайдаға кеңелтер, не ұтылып жер сипатар ойын түрлерін айтамыз. Бұдан алдыңғы жазбаларымызда Расул Алланың мына сөзін келтірген едік: «Кім өзінің досына: «кел, құмар ойнайық» десе, ол адам садақа берсін».

Сондықтан да, мұсылман адам құмар ойындарды көңіл көтеру құралы ретінде немесе бос уақыт өткізу ойыны ретінде, не болмаса, табыс көзі деп есептеуіне болмайды, қай жағдайда да. Ол қателік болады.

Ислам діні құмар ойындарынан бекерден-бекер тыймаған. Тыйымның астарында үлкен мән-мағына жатыр. Көздеген үлкен мақсат жатыр. Атап айтқанда:

  1. Ислам діні мұсылмандарды нәпақа табу жолында Алланың сүннеттеріне (табиғат заңдарына) еріп, оның алғы шарттарын негізге алуын үйретеді. Үйлерге тесіктен емес, есіктен кіруін, салдарларды себептерден іздеуін қалайды. Ал құмар ойындары болса (лоторея құмар ойына жатады) адамды жұмыс істеуді, жауапкершілікті, Алланың қойған заңдылықтарын құрмеуттеуді емес, көбіне шансқа және кездейсоқтық пен бос үмітке сүйенуді үйретеді.
  2. Ислам діні кісінің дүниесін өзгеге харам қылып, оны алуға рұқсат бермеген, тек заңды сауда арқылы айырбас жолымен немесе шынжүректен сыйласа, садақа қылып берсе ол кезде алуға рұқсат берген. Ал құмар ойыны болса, ол - кісінің дүниесін бұрыс жолмен жеу болып есептеледі, кісі ақысына кіру деген сөз.
  3. Осыдан кейін құмар ойнаушылардың арасында дұшпандық пен жеккөрушілік сезімі оянып жатса таңқалудың қажеті жоқ. Ұтылған мен ұтқан адам бір-бірен көрер көзге ауызша риза екендіктерін айтқанымен, олар әрдайым бірі - жеңген, екіншісі - жеңілген, бірі - пайдақор, екіншісі - шығынға ұшыраушы болып қала бермек. Құмардан жеңілген кісі үндемесе де, оның іші кек пен ашуға толы. Ол ақшасын ұтып алып үмітін үзгенге ашулы, шығынға ұшыратушыға кектенуде.
  4. Құмардың тудырған көңіл қалу сезімі жеңілген адамның көкейінде «алғашқысында ұтылған нәрсесін екіншісінде ұтамын» деген үміт ұялатып, қайтадан құмарға жетелейді. Ал ұтқан адамды құмар ләззатын қайталауға итермелейді. Ол аз ұтса, одан көп ұтамын деп ойлайды. Сөйтіп ашкөздігі жібермей қайта құмар ойынына бас ұрады. Алайда аз ұтқан ұтысы, ұтылысқа айналып, жеңістің мастығы ұзаққа бармай, бір пәсте қайғыға ауысып жатады. Осы бір дүниекезектік ол екеуін (ұтқан мен ұтылғанды) құмар стөліне қайта байлап, енді одан босаулары өте қиын. Құмар ойыншыларындағы әуестік апатының астарындағы жасырулы залал осы.
  5. Сондықтан да, құмар ойынына деген әуестік қоғамға да, жеке басқа да өте қатерлі.Ол уақытты және бойдағы күш-қуатты жоятын әуестік. Құмар ойыны құмар ойнаушы адамдарды - өмірден алатын, бірақ бермейтін, тұтынатын, бірақ өндірмейтін еш пайдасыз бірегейге айналдырады.
  6. Құмар ойыны адамды үнемі өзінің құмарымен мәшғүл қылып, құдайының алдындағы міндетін ұмыттырады, өзінің жеке жауапкершілігін ұмыттырады, отбасының алдындағы міндеттірін ұмыттырады және ата-анасының алдындағы міндеттемелерін ұмыттырады.
  7. «Жасыл стөлге» (құмар стөлі, өздері солай атайды) ғашық адамның айналып келіп сол жасыл стөлге қайта отыру үшін дінін, арын және отанын сатып жіберуі алыс емес. Оның сол стөлге деген адалдығы - одан өзге нәрселерге деген адалдығын орнын басады.
  8. Құмар ойынына деген махаббаты оны беймәлім табыс жолында барлық нәрсесін тіктіреді - намысын, сенімін, елін т.б.

Құран Кәрімнің таңқалдырар ғажайып тұсы сол, Ол (Құран) - қасиетті аяттарында құмар мен шарапты бірге қатар тілге алып отырады. Өйткені, ол екеуінің жеке басқа да, жанұяға да, отанға да, тіпті мінез-құлыққа да келтірер зияндары өте ұқсас. Құмарбаз бен арақкеш адам бір-біріне өте ұқсайды, тіпті бірі екіншісіз болуы сирек кездесетін дүние.

Аталмыш екі әуестікті шайтанның істерінен деп санаған Құран қалай рас айтқан! Аятта ол екі нәрсені пал ашушылықпен қатар атап, оларды лас дүние деген: «Ей, иман еткендер! Шынында хамр-шарап және құмар ойыны, сондай-ақ, пұтқа табыну мен бал ашу – лас нәрселер. Бұлар - шайтанның істерінен.Арақ жəне құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Құдайды естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?». («Маида» сүресі, 90, 91).


Доктор Юсуф әл-Қардауи, «Исламдағы Халал мен Харамдар». Араб тілінде.

0 пікір