Индонезияның Маланг штатында Тибан Реждо Турен деген мешіт бар. Оны жұрттың көбі "ұшатын мешіт" деп атайды.
Бұл мешіт әлемдегі ерекше үлгіде салынған діни ғимарат болып саналады. Ол өте ертеде салынған. Кейіннен аздаған архитектуралық өзгеріске ұшыраған. Үнді, индонезиялық, қытай, түрік стильдерімен безендірілген алуан түрлі әдемілігімен баурап алады.
Мешіт ғимараты өте бай көмкерілген. Ішкі декоры ерекше ақ, көгілдір, көк түстермен үйлесім тапқан. Ол өзі орналасқан ауылдың ажарын ашып тұрғандай.
Бұл түс үйлесімділігін таңдау кездейсоқ жүзеге аспаған. Архитекторлардың шешімі бойынша, жұмақты еске түсіретіндей бір ерекше жоба болғанын қаласа керек. Үлкен дарбазалар мешіттің негізгі кіреберісіне жетелейді. Олар конус тәрізді көгілдір екі күмбезден тұрады. Мешіттің негізгі ғимаратындағыдай қақпалар да көк пен ақ түсті гаммалы араб каллиграфиясының жазуларымен безендірілген.
Ғимараттың қабырғасындағы өсімдік іспетті орнаменттер қолдан жасалған. Күмбезтәріздес мешіттің жанындағы тұрған ғимарат құдды бір ауада қалықтап тұрғандай көрінеді. Негізінде оны ұстап тұрған екі тірек бар. Осыған қарап, бұл мешіттің көп жұрт "ұшатын мешіт" деп атап кеткен болса керек. Ирелек баспалдақмен жалғанған мешіт 10 қабаттан тұрады. Діни рәсімдерді өткізетін арнайы бөлмелер де бар. Мешіттің 2-ші және 3-ші қабаттарында тарихи мұражай орналасқан. Жоғарғы қабаттарында орналасқан жасанды үңгірді сталактиттері мен сталагмиттеріне қарап, кәдімгі табиғи үңгір екен деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкін.
Мешітке қарасты Жер көлемі ауқымды. Мұнда тағы халал тағам берілетін асхана бар. Асхананың қабырғаларына Алла Тағаланың көркем есімдері жазылып, әсемделген. Айналасындағы жайқалған бақ мешіттің сәніне сән қосып көмкеріп тұрғандай әсер қалдырады.