Тілге ие болу жайында айтылған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері
Тілге ие болу жайында айтылған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері
4 жыл бұрын 11507
"Менің тілім - менің жауым!"
Орыс мақалы

Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.а.у.) тілдің қатері жайында және тілге ие болу керек екендігі жөнінде айтқан көптеген хадис шәрифтері жеткен. Солардың бірсыпырасы төмендегідей:

1). Сахаба Уқба ибн Амр былай дейді: «Мен Алла елшісіне: «Уа, Расулалла! Құтылу деген не? (Яғни, дүние және ақыретте құтылуға қалай қол жеткізуге болады?)» - дедім. Сонда Ол (с.а.у.): «Тіліңді тый, үйіңді кең сана (яғни, барға қанағат қыл) және күнәларың үшін көз жасын төк», - деді». (Имам Тирмизи: «Сүнән». Хасан хадис).  

وعن عقبة بن عامرٍ -رضي اللَّه عنه- قَالَ: قُلْتُ: يَا رسولَ اللَّهِ مَا النَّجَاةُ؟ قَالَ: ﴿أَمْسِكْ عَلَيْكَ لِسَانَكَ، وَلْيَسَعْكَ بَيْتُكَ، وابْكِ عَلَى خَطِيئَتِكَ﴾. رواه الترمذي، وقال: حديث حسن.

 

2). Сахаба Суфян ибн Абдулла Пайғамбардан (с.а.у.) қорқылуы керек ең қорқынышты нәрсе жайында сұрады. Сонда Алла елшісі (с.а.у.) өз тілін ұстап: «Мынау!» - деп жауап берді.

وسأل سفيان بن عبد الله رسول الله صلى الله عليه وسلم عن أخوف ما يخاف عليه، فأخذ النبي صلى الله عليه وسلم بلسان نفسه ثم قال : «هذا» (مسلم الترمذي)

 

3). Бір кісі Алла елшісінен (с.а.у.) адамдарды тозақ отына ең көп кіргізетін іс жайында сұрады. Сонда Алла елшісі: «Ауыз бен әурет» - деп жауап берді. (Имам Тирмизи: «Сүнән». Сахих. Ғариб. Әл-Хәким сахих деп баға берген).

وسئل النبي صلى الله عليه وسلم عن أكثر ما يُدخل الناس النار فقال : «الفم والفرج» (الترمذي وقال: صحيح غريب وصححه الحاكم 

 

4). Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деді: «Алла Тағала кімді екі сақалының (мұрт пен сақал) арасындағының (тіл) жаманшылығынан және екі бұттың арасындағының жаманшылығынан қорғаса, ол пейішке кіреді». (Имам Тирмизи: «Сүнән». Хасан хадис). 

وقال النبي صلى الله عليه وسلم : «من وقاه الله شر ما بين لحييه وشر ما بين رجليه دخل الجنة» الترمذي وقال: حسن 

 

5). «Нағыз мұсылман – өзге мұсылманның оның тілінен де, қолынан да залал көрмеген мұсылман». Хадис. («Бұхари. Мүслім»).

وقال النبي صلى الله عليه وسلم : «المسلم من سلم المسلمون من لسانه ويده» متفق عليه  

 

6). «Пенденің жүрегі дұрысталмайынша (тура жолға түспейінше), иманы дұрысталмайды. Тілі дұрысталмайынша жүрегі дұрысталмайды». Хадис. (Имам Ахмед: «Мүснәд»).

«(لا يستقيم إيمان عبد حتى يستقيم قلبه، ولا يستقيم قلبه حتى يستقيم لسانه» (رواه أحمد   

 

7). «Адам баласының ең көп қателігі – тілінде». Хадис. (Хатыйб риуаят еткен: «Сахих).

(أكثر خطايا ابن آدم في لسانه" (أخرجه الخطيب وهو في الصحيحة ".

 

8). «Менің үмбетімнің ең жаманы – бос сөз сөйлейтін мылжыңдар, көп мақтанып сөйлейтін мақтаншақтар және паңданып сөйлеушілер». Хадис. («Сахих Бұхари»).

(شرار أمتي : الثرثارون المتشدِّقون المتفيهقون" (البخاري في الأدب وحسنه الألباني"


Абдусамат Қасым

 

0 пікір