Алла елшісінің (с.а.у.): «Егер құл күнә жасар болса, оның жүрегіне қара дақ түседі, егер күнә жасаудан тиылып, тәубе етер болса, әлгі дақ жоқ болады. Ал егер күнәсін қайтадан жасар болса, Алла Тағаланың:
Адам баласы жасаған әрбір күнәсінің ізі жандүниесінде қалады. Адам тәубе еткенше Алла Тағала Өзінің мейірім есігін ашып қоятындықтан, жасаған күнәсі ешқандай зиян бермейді. Алайда, тәубені кейінге қалдырып, күнәлі ісін қайта-қайта жасаған адам күнәсін шыбын құрлы көрмейтін халге жетеді.
Алла Тағаланың әміріне мойынсұнбау жандүниеміздің мазасыздануына апарып соғып, рухымызды тыныштығынан айырады. Күнәға белшеден батқан адам ашушаң болып, өзгелермен мүлде тіл табыса алмайтын күйге түседі. Сонымен қатар, кейбір хадистерден Алланың әміріне мойынсұнбайтын адамның дұғасы да қабыл болмайтынын аңғарамыз.
Ешқайсымыз күнәдан пәк табиғатқа ие емеспіз, сондықтан да кейбір кездері шалыс басып, қателікке бой алдырып жатамыз. Адам баласының табиғаты сондай, әлсіз. Мұсылман адам Алланың әміріне мойынсұнбаған кезде үлкен сынаққа ұшырайды, жасаған теріс амалы жанын жеп, маза бермейтін болады. Алайда, Алланың тәубе есігі жан алқымға келгенше ашық болғандықтан, тәубе етеміз, күнәдан бас тартып, Алланың рақымы мен мейіріміне қарай ұмтыламыз. Дегенмен, ешқашан кемел әрі пәк бола алмайтынымызды да мойындаймыз.
Алланың әміріне мойынсұнбау мен болмашы нәрседе тиым салынған әрекетке бару, мейлі ол анамызға айтылған ауыр сөз болсын, көмекке мұқтаж жанды көре тұрып, теріс айналып кету болсын немесе жай ғана өтірік сөз қоса салу, жұмыста қызметкерлермен өсек сөз айтысу болсын, мұның барлығы адамның жандүниесінде ащы із әрі ауырлық сезімін қалдырады. Тіпті ол сезім ұлғайып, ол адам ар-ұятының алында азап шегуі мүмкін.
Алайда Аллаға сансыз мадақтар болсын, күнә жасаған кезде Раббымызға қайта алатынымызды, тәубе есігінің әлі де ашық екенін білеміз. Күнәларымыз біздің шынайы болмысымызды тануға, әлсіздігімізді сезінуге әрі Алла тағалаға мұқтаждығымызды бетімізге басып көрсетіп жататын кездері де болады. Күнәлі істен кейінгі жасаған тәубеміз көбірек құлшылық жасауға себеп болуы тиіс. Тәубе мен құлшылық арқылы Жаратушы Раббымыздың шексіз рақымы мен бізге деген сүйіспеншілігін түсінеміз.
«Аллаһумма әнти Рабби, Лә иләха иллә әнтә, халақтәни уә әнә ъабдукә, уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәдикә мәстатаъту, әъузу бикә мин шәрри мә сәнәъту әбуу ләкә диини мәтикә ъаләййә уә әбуу бизәмби уағфирли уәиннәһу лә йәғфиру әссунубә иллә әнтә».
«Аллаһумма, инни заләмту нафси зульман кәсиран, уә лә йағфиру-з-зунубә иллә әнтә, фағфир ли мағфиратан мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә әнтәл-Ғафуру-р-Рахиим»
«Субханакә Аллаһумма астағфирукә ли-занби, уә әс’әлукә рахмәтакә. Аллаһумма зидни ъилмән, уә ләә тузиғ қалби бәъдә из хадайтәни! Уә хаб ли мин ләдункә рахматән, иннәкә әнтәл Уаххаб»
«Йәә Хаййу, йәә Қайууму, бирахмәтикә әстағису, аслих ли шаъни кулләһу уә ләә такилни иләә нафси тарфәтә ъайн».
«Аллаһумма инни астағфирука ли зәнби уә әс-әлуукә рахматәк».
«Раббым! Күнәларымды кешіруіңді сұраймын, Сен кешірім Иесісің!»
Аллаға бетбұруда және жүректің рухани дәрежеге жетуінде өзіндік маңызы бар истиғфар (Алладан кешірім сұрау) рухани кірлерден тазаланудың бірден-бір жолы. Қабыл болған тәубе құл мен Раббысы арасындағы бөгеттерді бұзып, Алланың сүйіспеншілігіне бөлейді. Бұл жайлы Алла Тағала пенделерін былайша сүйіншілейді:
Алла Елшісі (с.а.у.): «Кімде-кім истиғфарды аузынан тастамаса, оған Алла Тағала кез-келген тығырықтан шығу, әртүрліқайғыдан құтылу жолдарын көрсетеді және оған күтпеген жерден ризық береді»,- деп айтқан.
(Әбу Дәуіт, Үтір, 26/1518; ибн Мәжә, «Әдеп», 57)
Алла Тағала баршамызды тәубесі қабыл болған құлдан етсін! Әмин!