Таңертең оқылатын дұғалар
Таңертең оқылатын дұғалар
9 жыл бұрын 76362


Оқылуы: Әлхамду лилләһил-ләзи ахяәнә ба‘дә мә әмәәтәнә уә иләйһин-нушуур.

Мағынасы: Бар мадақ бізді өлтіріп, қайта тірілткен Аллаға тән! (Уа, Аллаһым!) Соңында бәріміз де бір Өзіңе қайтамыз.

Бұл дұға да сенімді хадис кітаптарының көбінде кездеседі. Аталмыш дұғаны жеткізген Әбу Зәрр мен Хузәйфа ибн Ямән (р.а.) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаны күнде таңертең ұйқыдан тұрған бойда оқығандығын жеткізген.

(Сахих Бұхари, Да‘ауат 5837; Сахих Муслим, Китәбу әз-зикр 4886; Сунәну Ибни Мәжа, Китәбу әд-ду‘а 3870; Муснәду Ахмәд, Муснәду әл-ансар 20404)

Оқылуы: Лә иләәһә иллә әнтә лә шәриикә ләкә субхаанәкә Аллаһуммә астағфирукә ли-зәнби уә әс'әлукә рахмәтәкә. Аллаһуммә зидни ‘илмән уә лә тузиғ қальби ба‘дә из һәдәйтәни уә һәб ли мин ләдункә рахмәтән иннәкә әнтәлУәһһәәб.

Мағынасы: (Уа, Аллаһым!) Бір Өзіңнен басқа тәңір жоқ. Серігің де жоқ. Уа, Аллаһ тағалам, Сені (ұлылығына жараспайтын кемшілік атаулыдан адасың, мінсізсің деп) ұлықтаймын. Күнәм үшін бір Өзіңнен кешірім өтініп, шексіз мейіріміңе бөлеуіңді сұраймын! Уа, Алла Тағалам, ілімімді арттыра гөр! Тура жолға салғаннан кейін жүрегімді ауытқыта көрме. Сондай-ақ, мені шексіз мейіріміңе бөлей гөр. Шүбәсіз, Сен – мол сый-сияпатқа бөлеушісің!

Ардақты Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өнегелі ғұмырының басым бөлігіне, соның ішінде, күндізі мен түніне бірдей куә болған Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаларды ұйқыдан тұрғанда міндетті түрде оқыған екен (Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4402).

1 пікір