Таң намазы мен құптан намазын жамағатпен оқудың қадір-қасиеті
Таң намазы мен құптан намазын жамағатпен оқудың қадір-қасиеті
1 ай бұрын 3052 as-salam.ru/
Ахмад Ибрагимов

Таң және құптан намаздарын жамағатпен мешітте оқу салихалы бабаларымыз үшін үйреншікті іс болғанымен, біздің заманда ерлікке айналды.

Түнгі құлшылықтың қадірін білген тақуалар ешбір жағдайда да оны жіберіп алмауға тырысатын. Көпшілігіміз таңнан кешке дейін өзімізді мазалап жүрген дүние істеріне басымдық береміз де, бірақ құптан намазын мешітте оқу немесе таң намазына уақытында тұру өте қиын іс сияқты. Біз мешітке бармау үшін сылтау іздейміз - әйел, бала-шағаммен үйде оқимын немесе мешітке бару ұзақ т.б. сылтаулар айтамыз.

Таң және құптан намаздарын жамағатпен оқыған адам, өзге намаздарды оқығанда көрмейтін пайдаға ие болады. Мұндағы пайданың әрбірі саналы адамның жалқаулық пен ұйқыны және төсегін тастап, мешітке беттеуге итермелеуге жеткілікті деген ойдамыз. Аталмыш намаздарды жамағатпен оқудың қадір-қасиеті туралы айтқан Алла Елшісінің (ﷺ) бірнеше хадистерін келтірейік: 

Осман ибн Аффан رضي الله عنه жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ)былай деген:

«Кімде-кім түнгі намазды мешітте жамағатпен оқыса, онысы түннің жартысын ғибадатпен өткізгенмен бірдей. Ал таң намазын жамағатпен оқыған адамның ол ісі бүкіл түнді ғибадатпен өткізгенімен пара-пар» (Муслим).

Таң намазын жамағатпен оқыған адам Алла Тағаланың қорғауында болады және кім оған тиісетін болса, ол адам Алла Тағалаға қарсы шықан болады. Джундуб бин Абдулланың رضي الله عنه жеткізген хадисінде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)былай деген:

«Кімде-кім таң намазын оқыса, Алланың қорғауында болады». (Муслим).

Әнас ибн Мәликтен رضي الله عنه риуаят еткен хадисте, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)былай дегендігі келтірілген:

«Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқып, күн шыққанша Алланы зікір етіп отырса, сосын (күн шыққанан соң) екі рәкәғат намаз оқыса, оған қажылық пен умраның сауабындай сауап беріледі - толық, толық, толық орындаған (қажылығының сауабы беріледі)» (ат-Тирмизи).

Әбу Һурайрадан رضي الله عنه риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Мұнафықтар үшін таң мен түннен ауыр намаз жоқ. Егер олар бұл намаздардың сауабын білсе, ол аталмыш екі намазға жорғалап болса да келер еді...» (әл-Бұхари, Муслим).

Егер ер адамдар,біздер таң және құптан намаздарын жамағатпен оқымасақ, бұл біздің мұнафиқтардың қатарынан болып қалу қауіпінен қорқудың себебі болып табылады.  

islam.kz

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: