Сүннет бойынша тамақтанудың 4 әдебі
Сүннет бойынша тамақтанудың 4 әдебі
8 жыл бұрын 7282
Хадиша Ермекқызы

1. Тәбеті тартқан асты жеу. Әбу Һұрайра (р.а.) былай әңгімелейді: «Алланың елшісі ас талғамайтын. Тәбеті тартқанда ғана асқа қол созатын».

2. Өзге табаққа қол созбай, тек өз алдыңнан жеу. Омар ибн Әбу Сәләм былай әңгімелейді: «Бір күні Алла елшісімен бірге тамақтандым. Тамақтың етін ғана теріп жей бастап едім: «Тек өз алдыңнан ғана жеуің керек», – деді ескертіп».

3. Тамақты "бисмилләмен" бастау. Үмайя ибн Әбу Махша былай әңгімелейді: «Бірде Алла елшісі «бисмиллә», – деп айтпастан бір кісінің табаққа қол салып жей бастағанын байқап қалады. Әлгі кісі тек соңғы түйір асты алып тұрып «бисмиллаһи фи әууәлиһи уә ахириһи», – дейді. Осының бәрін үнсіз бақылаған Алланың елшісі күлімсіреп: «Уаллаһи, бастапқыда шайтан да онымен бірге тамақтанып жатты. Соңында «бисмиллә», – деп айтылғанда шайтан ішіп-жегенінің бәрін құсты», – деді». 

4. Тамақтанып болған соң Аллаға шүкіршілік ету. Хазірет Әлидің біреуге қалай тамақтану керектігі жөнінде айтқан насихаты Ибн Абәдтің әңгімесі: «Бірде хазірет Әли маған: «Уа, Ибн Абәд, тамақтың да хақысы бар, білесің бе?» – деді, мен: «Қандай?» – дедім. Ол: «Бисмилла. Аллаһым, осы берген нығметтеріңе береке бер. Бойымызға құт болсын!» деуің керек», – деді. Сосын мынадай сұрақ қойды: «Ал ас қайырып, ішіп-жегеніңе қалай шүкіршілік етудің жолын білесің бе?» «Қалай?» – дедім мен. «Бізге жегізген және ішкізген Аллаға шүкіршілік етемін» деуің керек», – деді».

0 пікір