Сақалы барды ғана сүйетін әйел
Сақалы барды ғана сүйетін әйел
8 жыл бұрын 5424
Құдияр Біләл

Діни көзқарасы үйлеспегендіктен ажырасып кеткен бір отбасыны білемін. Бақытты шаңырақ еді. Екеуінің Қыз Жібек пен Төлегенге бергісіз маxаббатын дос-жарандары жыр қылып айтатын. Алла Тағала оларға шаңырақтарына шаттық кіргізер бірінен бірі өткен сүйкімді қос сәбиді де, шалқыған дәулетті де берді.

Алайда араларына сайтан кірді. Сайтан оларға дін арқылы кірді. Таң қаларлық-ақ жағдай. Дін деген қайта отбасын бекіте түспеуші ме еді?! Сонда ол қандай дін? Жігіт әйелінің ұғымынша таза тін - сәлафилік ағым. Ағым емес, ислам дегеніміз сол. Өзгелердің бәрі адасушылар. Оның ішінде нағыз шектен шыққандар - қазақтар. 
Не керек, интернет уағызшыларына бой алдырған әйел бір күнде тұмшаланып шыға келді. Күйеуінің де дінге сай жүруін талап етті. Сақалсыз "қатын бет" (өз сөзі) еркектердің бетіне қарауға жиркенетін болды. 
Бір күні ыңғайына көнбеген күйеуіне талақ берді де (әйел талақ беруге құқылы емес), шетел асып кете барды. Балаларына да қайырылып қараған жоқ. Ол жақта сақалды біреуге (ұлты белгісіз) тұрмысқа шықты. Одан бала да сүйді. Алайда дәм-тұздары жараспай туған елге қайта оралды. 
Ал күйеуі... Оның әйеліне деген сүйіспеншілігі шынайы еді. Оны алған бетінен қайтару үшін қолынан келгенін істеп-ақ бақты. Тек... Иә. Сақал қоя алмады. Ал әйелі болса сақалсыз еркекке қарай алмайды. Содан да олар бір-бірімен перде сыртынан сөйлеседі. Сүйген соң амал бар ма, тапқан-таянғанын да перде сыртынан беріп кетеді. Үйін де соған біржола қалдырған. 
Мен ол жігітті сырттай білемін. Әлгі әйелдің діни көзқарасын өзгерткім де келді. Бірақ... Иә. Менің де сақалым жоқ. Ал сақалдылар уағызы әлгі әйелді осындай күйге жеткізді.
Әр отбасы мемлекеттің бір бөлшегі ғой. Сондықтан мұндай келеңсіздіктердің өріс алуына мемлекет тарапынан тосқауыл қойылмаса, шырқы бұзылған шаңырақтардың көбейе беретіндігі күмәнсіз.

7 пікір
  • Осындай ойдан құрастырылған әңгімені неге айтасыздар? Егер ол қатын таза мұсылман болса, олай істемеуші еді. Сәләф деп исламды жік-жікке бөлгенше, жат ағымның жетегінде кетті деп жазсаңыздаршы.
    8 жыл бұрын
  • Қуандық Жүгінісов мырза, сәләфизм жат ағымға жатпай ма сіздіңше? Жат ағымдардың ішінде ең көп осы сәләфи-уаһабизмнен еліміз зардап шегіп отыр. Исламды жік-жікке бөліп отырған сол ағым.
    8 жыл бұрын
    • Ассаляму'алейкум кешіріңіз сіз олай сәлафтардың атына кір келтірмеңіз. Сіз сәлаф дегеннің түүпнұсқасын білмейсіз, бұрынғы төрт мәзһабтың жетекшілері Имам ағзам Әбу Ханифа,Имам Малик,Имам Шафиғий,Имам Аxмад ибн Ханбал(раxматуллаһи алейһим) Исламның алғашқы дәуірлерінде өмір сүрген.Сондықтан төртеуінде "салаф" имамдар дейміз кешіріңіз. Сіз нағыз сәлаф кім екенін білмей олай деуіңіз қиын енді. Ал сіз айтып отқан сәләф деп жай атын ғана жамылып жүрген уаxаббизмді дағуаттап теріс ағымға таратып жүрген нағыз уаxаббисттер. Сәлафтар жайлы ештене білмей жатып, жай бос сөз сөйлемегеніміз абзал. Алла разы болсын.
      8 жыл бұрын
  • Куандык сеніки дурыс емес.
    8 жыл бұрын
  • Бул жерде адам озине ози беруи кажет. Айел озине ози сакал не ушин керек деп сурак коюы керек сиякты. Сакал койганда не болады? Коймаганда не болады? Ботен еркекке уйленгенде не тапты? айел динди коргайтын Нарсе ретинде колданып отыгран сиякты. Шын манинде айелдин ойында жас кезинен еркектер куйеу емес баскаша орныккан сиякты. Билимди окыган адам болса ондай Кадамга бармас еди. Салафизмди куртканымен де ертен онын орнына баска дин агымдары Келуи мумкин.сондыктан ар адам озимен кунделикти жумыс истеуи кажет.
    8 жыл бұрын
  • Елімізге бір мазхап, бір көзқарас, жүйеленген бір білім көзі керек деп ойлаймын. 2009жылы әскердегі бауырымның присягасына Алматы облысв Қаракемер деген ауылға барып едім, жұма намазында ғойдым, мешітте отырсам, мешіт толық, жамағаттың көбі жас балалар, бір адамдай бірдей Ханафи мазхабы бойынша намаз оқыды. Сондай көзтартарлық көрініс! Бүкіл еліміз сондай болса екен. Өзім Павлодар облысынанмын.
    8 жыл бұрын
  • Санасы уланғандар көп, солардың алдын алу керек. Іргеміздегі Өзбекстан бұл жолда күресін 10 жыл бұрын бастап кеткен.
    Өзбек ағайындардың "Адасқан әйел" фильмін қарасаңыздар болады. Адаспасам осыдан 9-10 жыл бұрын түсірілген. Біз олардан 10 жылға кеш бастадық күресімізді.
    8 жыл бұрын