Салауатты өмір салты туралы сүннетте не айтылған?
Салауатты өмір салты туралы сүннетте не айтылған?
7 жыл бұрын 5238 www.islam-today.ru www.islam.ru/
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Ибн Аббастан жеткізілген ардақты Алла Елшісінің (с.а.у.) хадисінде былай делінген: "Адамдар қадірін білмейтін екі нығмет бар. Бұлар-денсаулық пен бос уақыт" (Тиримизи).

Ақиқатында, адамдар өз денсаулығына барынша жай ғана нәрсе ретінде немқұрайлы қарайды. Біз денсаулығымызда ешқандай мәселе болмай, бас ауырып, балтыр сыздамаған кезде ағзамызды зиянды өнімдермен  қоректендіреміз әрі физикалық жаттығуларды да елемейміз. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) және оның саңлақ сахабалары мұндай жеңіл-желпі өмірге жол бермеген.

Дене шынықтыру мен кез келген дене белсенділігі - мұсылман өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Көптеген адамдардың өздерінің дене салмағын көтере алмай, сәжде ете  алмай жатқанын көру  өкінішті-ақ. Осы сезімді көз алдыңызға елестетіңізші!

Пайғамбарлық миссия Мұхаммедке (с.а.у.) 40 жасында келгенін ұмытып кеттік. Бұл дегеніміз - ол барлық маңызды шайқастарға жасы ұлғайған кезінде қатысқан. Ендеше, қазіргі замандағы 40-50 жастағы ер кісілер, мәселен, достарыңыздың арасынан, қажет болғанда шақта әскерді басқара ала ма? Қант диабеті және жүрек-қан тамырлары аурулары екі маңызды аурулар болып табылады, олардың пайда болуы мен дамуының ең негізгі факторы - бұрыс өмір сүрудің  әсерінен туындайды.

"Күшті мүмін әлсіз мүмінге қарағанда Алланың алдында жақсы және Алла оны жақсы көреді, тіпті олардың әрқайсысында игілік болса да" (Булуг аль-Марам, ибн Хаджар).  

Физикалық  белсенділік пен беріктік, сергектік  мүмін  ретінде өз міндеттерімізді орындауға тікелей ықпал етеді. Әрине, артық салмақтан денсаулыққа қатысты қиындықтар туындауы мүмкін, алайда көп жағдайда  семіруді болдырмау үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру жеткілікті. Сондай-ақ осындай баға жетпес нығмет денсаулық- Аллаға деген ризашылық білдіруіміздің бір жолы.

Мұсылмандар өздерінің денсаулығына тиімді әсер ететін іс-әрекеттер мен ұсынымдарды ұстанғанда кезеңде де Құран мен сүннетті басшылыққа алатыны ақиқат.

Намаз

"Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады" (Құран, 2:3).

Намазды орындау белгілі бір дене қозғалыстарының жиынтығын білдіреді, әсіресе, күнделікті бес уақыт ғибадат кезінде қимылдардың  қайталануын ескерсек, олардың денсаулыққа берер пайдасы бесенеден белгілі. Мысалы, қолдар омыртқаны жақсы ұстап тұруға көмектеседі. Бір қызығы, дене белсенділігінің ұқсас түрі - йога. Айта кету керек, көптеген позициялар мен йога қозғалысы  біздің намаздағы қимылдарымызға ұқсас келеді. Осылайша, үнемі бес уақыт ғибадат  жасай отырып, сіз Алланың тікелей бұйрығын орындап, Ұлы Жаратушыға ұнамды амалды жасап қана қоймай, сондай-ақ ойлаумен біріктірілген қалыпты физикалық белсенділікті қамтамасыз етесіз.

Дұрыс тамақтану қағидалары

Қазіргі заманның адамдары Алланың Құрандағы бұйрығын ұмытып, артық ас ішуге бейімделіп кетті. "Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді" (Құран, 7:31).

Ибн Касирдің тәпсірі бойынша, бұл аятта екі шектің арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу мүмкіндігі көрсетілген. Тамақтану өмір сүру үшін қажет, бірақ мөлшерден асырмау керек. Бұл тұрғыда кез келген артықшылықтар, яғни, нашар тамақтану немесе артық тамақтану, денсаулық пен руханилыққа байланысты мәселелерге алып келеді. Сонымен бірге тамақ өнімдерінің үйлесімі мен әртүрлі тамақ рационын есте сақтауымыз қажет. "Адамның ұлына арқасын түзу ұстап жүруі үшін (бірнеше) кесек тамақ жегені жеткілікті, асқазанын үш бөлікке бөлсін, асқазанының бір бөлігін тамаққа, тағы бір бөлігін суға, үшінші бөлігін ауаға, дем алуға қалдырсын", - деген Алла Расулының хадисін еске алу орынды  (Әл-Маджа).

Сіз ағзаңыздың күшін сақтауға қажетті нәрсемен ғана тамақтануға тырысыңыз және сұйықтықты ұмытпаңыз. Кейде біз сұйықты, суды пайдалануды ескермей жатамыз, бұл-бүйрек,  зәр шығару сияқты басқа да мәселелерді тудыруы ықтимал фактор. Тағам ағзаны энергиямен қамтамасыз етіп, денені қуаттандырады, ал артық ас күшті азайтып, ауруға әкеліп соқтырады. Көп тамақ ішкен адамды ұйқышылдық, жалқауық мен сылбырлық басып, намазға тұрып, құлшылық жасауда қиналады.

 

Физикалық белсенділік

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өмір белестерінен физикалық белсенділікке қатысты көптеген мысалдарды  келтіруге болады. Біз Алла Елшісінің (с.а.у.) отбасынан жырақтап, тауға барғанын білеміз. Біздің заманымызда Хира үңгіріне бару жолындағы Джабаль-ан-Нур тауына шығуға оңтайлы жағдай жасалса, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде оған көтерілу айтарлықтай физикалық күшті талап ететін.

"Мен Алла Елшісі сияқты тез жүретін адамды көрген емеспін. Ол жүргенде тіпті жердің өзі оған қарсы алуға шыққандай  жақындады.  Біз, оның ізінен қалмау үшін аз күш жұмсамадық" (Тирмизи).

Айтылмыш хабар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) маңызды ерекшелігін баяндайды, алайда барлығы ондай болуға ұмтылмайды. Біз технологияның дамуына сүйеніп,  көліктер мен пойыздарды пайдаланамыз. Технологиямен қамтамасыз етілген жеделдіктің артықшылықтары шын мәнінде өте жоғары болғанымен,  шектен шығудың қажеті де шамалы. Мәселен, іс жүзінде жаяу жүре алатын  шамалы қашықтықта жүрсеңіз, көлікке отырмауға тырысыңыз.

«...Мұсылманның алданып, ермек еткен бос ойындарының барлығы бекершілік. Тек садақ атып, атқа мінуді үйрену және әйелімен қалжыңдасудан басқасы», – деген (Әбу Дауд).

Атқа міну - бүгінгі күнде көп ұмытылып бара жатқан сүннет. Жаттығудың бұл түрі адамға жан-жақты пайда әкеледі, таза ауада болудың пайдасы туралы айтпағанда, соның ішінде бауыр мен асқорыту жүйесін жақсартады. Хадисте  айтылғандай,  садақ атуды  бүкіл отбасымен немесе достарымен бірге ойнауға болады. Садақ ату көздің көру қабілетін жақсартады, вестибулярлық аппаратты жаттықтырып, иық белдігін нығайтады.

Сүннетте баяндалған физикалық жүктеменің бірі - күрес. Рукана Пайғамбармен (с.а.у.) күресіп, Алла Расулы (с.а.у.) бірнеше рет жеңіске жетті. Күрес күрделі физикалық күшті талап етеді және бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қуатты күш иесі болғандығын көрсетеді. Сонымен қатар аталмыш хадисте бізге қалай жаттығуға болатындығы айшықталады. Ақыр соңында, сүннет жүгіру тәрізді ұжымдық спорттың үлгісін көрсетеді.

"Алланың Елшісі (с.а.у.)  менімен бірге жарысты және мен оны жеңдім" (Ибн Маджа). Кейде Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұбайы Айшамен (р.а.) бірге жарысқан. Денсаулығына қамқорлық жасау бүкіл отбасының негізгі ісіне айналуы қажет: ата-аналары балаларына тәлім беруге, сүннетті орындай отырып, жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс.

0 пікір