Салауат айту мұстахаб болған жерлер
Салауат айту мұстахаб болған жерлер
2 ай бұрын 4036
Тұрғын Нұғман

Мұхаммед пайғамбарымызға салауат айту үлкен сауапты іс. Алла елшісі (с.а.у.) өзінің бір сөзінде: «Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат айтады» дейді. Салауаттың түрлері көп, соның ең қысқасы: «Аллаһумма салли аля сәиидинә Мұхаммед». Салауатты әр орынды сәтте айтуға бола береді, десе де арнайы айтылғаны ұнамды болған жерлер де бар, олар төмендегінше:

  1. Бейсенбінің түні.
  2. Жұманың күндізі.
  3. Сенбінің күндізінде.
  4. Жексенбінің күндізінде.
  5. Бейсенбінің күндізінде.
  6. Азанда және кешке.
  7. Мешітке кіргенде. («Бисмилләһ, уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ, Аллаһуммағфирли зунуби, уәфтәх ли әбуәбә рохмәтик»).
  8. Мешіттен шыққанда. («Бисмилләһ, уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ, Аллаһуммағфирли зунуби, уәфтәх ли әбуәбә фазлик»).
  9. Мұхаммед пайғамбардың қабірін зиярат еткенде.
  10. Қажылық рәсімі кезінде сафа мен мәруа арасында.
  11. Жұма құтпасында, айт құтпасында, неке құтпасында т.б.
  12. Азанның артынан қайталап болғаннан кейін.
  13. Қамат түсіріліп жатқанда.
  14. Дұғаның басында, ортасында және соңында.
  15. Тәлбия айтып болғаннан кейін (Тәлбия - Ләббәйкәлла...).
  16. Бір жиынға жиналғанда және одан тарарда.
  17. Дәрет аларда.
  18. Құлақ шыңылдағанда.
  19. Бір нәрсені ұмытқанда.
  20. Уағыз айтарда.
  21. Ілім үйретерде.
  22. Хадис оқитын кезде, басында және соңында.
  23. Дін сауал мен жауабын жазарда.
  24. Кітап жазарда.
  25. Неке қиярда1.
  26. Қиыншылдықта, қайғы, мұң басқанда, кешірім тілерде.
  27. Бір күнә істеп қойғанда.

Келесі жағдайларда салауат айту мәкруһ болмақ:

  1. Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы кезінде.
  2. Әжетін өтегенде.
  3. Сауда затын адамдарға көрсетіп паш етер кезде.
  4. Қателескенде.
  5. Таң қалғанда.
  6. Малды бауыздарда (Бұл кезде бисмилла, Аллаһу әкбар дейді).
  7. Түшкіргенде. (Түшкіргенде әлхамдулилләһ дейді).

1  Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 231 бет. Арабша. (Теріп алынды).

0 пікір