Сәләфизм ағымына кіре жаздаған қыздың оқиғасы
Сәләфизм ағымына кіре жаздаған қыздың оқиғасы
9 жыл бұрын 11816 e-islam.kz
Қадірәлі САРЫПБЕК

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз» деген.

Алайда, қазіргі қоғамымызда дәстүрлі исламнан бөлектенетін жандар көбейді. Аспанымыз ашық, күніміз бейбіт заманда, таяу шығыс елдеріне қарай шекара асуға не себеп болды екен?! Мына бір кейіпкеріміздің басынан өткен оқиға жоғарғы сөйлеміміздің айғағы. Маңғыстау облысының тұрғыны, 1994 жылғы азаматшаның Сирияға кетпекші болған әрекетің өз оқиғасымен ұсынуды жөн көрдім.

Бәрі де әлі күнге дейін көз алдымда дейді, есімін жұмбақ қалдырған кейіпкеріміз. Ойлап қарасам, бір Алланың өзі мені сақтаған екен. 2011 жылы кенеттен ютуб порталынан видеолар қарап отырдым. Кездейсоқ бір видеоны көріп қалғаным бар. Ол видеода Сайфуллах Шишанидың мұсылмандарға үндеуі болатын. Сол видеоны басынан аяғына дейін көріп шықтым. Сол кезден бастап өзгеріп шыға келдім. Ылғи да ойлайтыным дін туралы. Сириядағы қырылып жатқан мұсылмандарды ойлаумен болдым. Дін ұстанған адам туралы іздене бастадым. Біздің қаламызда саляфи бағытын ұстанушылар өте көп еді. Бір күні үйде өзім қалдым. Қасиетті жұма күні болатын. Жұма намазға бару үшін мешітке бардым. Сол жерден бір жақсы қызды кездестіргендей болдым. Сол маған намаз оқуды үйретті. Содан компьютермен Сирия туралы қарай бердім. «агент» деген әлеуметтік желіден саляфи бағытын ұстанушылар табылды. Солармен сөйлесіп, көптеген мән жайларды білгендей болдым.

Кейіннен барып, «мой мир» арқылы бір жігітті кездестірдім. Ұзақ сөйлесіп жүрдік. 2013 жылға дейін араластық. Ол шет елге барғысы келетінің айтты. Ол тура менің ойымдағыны айтты. Жатсам да, тұрсам да қарайтыным Сайфуллах Шишанидың видеороликтері ғана. Содан ол жаққа менің де барғым келетіндігін жаздым. Мұсылмандарға көмектескім келеді дедім. Содан соң ол біздің қалаға келіп, неке қидырып алып кетемін деді. Керек нәрселерімді дайындап, жинап қоюымды алдын ала ескертті. Кейін оның кететін уақыты келгендігін жеткізді. Маған, сол жаққа өзің кел деді. Кейін ол мүлдем хабарсыз кетті. Іздемеген жерім жоқ тіпті. Сөйтіп, ол Түркия арқылы шекарадан асып кеткен екен. Арада бірнеше ай өткен соң хабарласты. Өзінің аман сау екендігін, Алеппода екенің айтты. Маған тез жет деді. Ол жақта уали болатын бауыры барын айтты. Ол бауыры осы күнге дейін ВКда болды. Есімі Усуд Альхарб. (Абу Рофик деген есіммен де жүрді.) Кейін тағы да хабар ошарсыз кетті. Мен, ақша табуым үшін бала күтуші болып жұмыс жасадым. 2014 жылы ол тағы бір рет хабарласты. Баратын болсам күтіп алуға дайын екендігін айтты. Ақпан айында мен бәріне дайын болдым!. Бірақ, анам ауырып калғанына байланысты кете алмай қалдым. Содан наурыз айы келді. Мен, билеттерімді дайындап қойдым. Сол күні маған белгісіз нөмерден қоңырау шалды. Қоңырау шалған адам, әлгі уали болатын бауыры-Усуд екен. Жерлесіміздің шахид болғандығын айтты. Бірақта, сенбедім! Маған ВК-ға кір деп өтінді. Кірсем, маған ол видеосын жіберген екен. Сол видеоны көріп, ол жаққа қатты барғым келді. Сөйтсем, ол видеолар гипноздалыпты. Көз алдымда әлгі жігіт елестеді де жүрді. Қасымда жүргендей қорқатын болдым. Солай күндер өтіп жатты. Көптеген уағыз тыңдап, одан сайын басым айналғандай болды. Надир Абу Халид, Сайд абу Саад деген адамдардың уағызын күнде тыңдадым. ВК желісінде кілең осындай харижиттердің уағыздары көп еді.

Бір күні бір жігіт «ДАИШ-ты қолдайсың ба, оппозицияны колдайсың ба?» деп смс жазды. Мен «оппозиция» деп едім, «олар әлсіз көпке дейін жер баса алмайды» деді. Мен, айтқанымнан қайтпадым. Кейінірек Сириядан қайта оралған адамдардың қайғылы өмірі туралы видеолар көбейе бастады. Соларды көріп саясатты тіпті жек көріп кеттім. Өйткені, бір мұсылманды заңмен соттап жатқанына қатты ашуым келді.

Содан бір күндері 1993 жылғы жігіт, неке қидырғысы келетіндігін айтты. Анасынан бөлек тұратыны, анасымен қарым-қатынасының жақсы екенін айтты. Ал, менің отбасым маған ылғи да кедергі болатын. Менің ойымды жоққа шығаратын. Отбасымды, тіпті барлығын тастап кеткім келді де, ол жігітке өзімнің келсімімді бердім. Ол әзірге келе алмайтындығын айтты. Кішкене уақытқа кешігемін деген. Сөйтсем, оның әйелі бар екен. Әйелімен ажырасыпты. Мен, ол жігітке белгілеген орынға бармай қалдым. Кейін есімді жиғандай болдым.

Ойымнан кетпейтін сол кездегі сұрақтың бірі – Ислам осындай дін бе еді? Екі дүниенің сардары болған пайғамбарымыз с.ғ.с. мұсылмандардың осындай болғанын қалады ма? Кейін тағы да есімнен Сирия шықпады. Жын кағып кеткендей күйде болдым. Өзімнен-өзім Сирияға бармағаным үшін жынданып, өз-өзімді ұрып, тырналайтынмын. Бір күні өзімнен өзім кетем-кетем деп айқайлай беріппін. Одан қорыққан туысқандарым үйге молда әкелді. Әлгі молданы көргенде, шайтанды көргендей оның жағасына жабыса кеттім. Осының барлығы есімде. Содан кейін әлгі молданың сүре оқығанын білемін. Көзімді ашсам, ұйқыдан тұрып жатыр екенмін. Анама анау кісі қайда кешірім сұрайын дедім. Сөйтсем, кетіп қалған екен. Содан кейін Сирия туралы ұмытым. Әлгі жігіттің де аты есіме түспей қойды. Тыңдап жүрген уағызшыларымның да барлығының өлгенің естідім. Бойым бір жеңілдеп қала берді. Содан әлгі кісі үйге тағы келді. Молданың үйге келіп, менде гипноз болғанын айтты. Сириялық видеолар гипноздалады екен. Адамдарды өзіне тарту үшін. Кейін ол кездесу ұйымдастырды. Сириядан қайтып оралған қазақ қызы түрмеде екен. Сол қызбен оңаша әңгімелестірді. Ол қыздың көз жасын көріп, қатты аяп кеттім. Ол қыз да ғаламтор арқылы танысып отбасылы болған. Бал айы деп күйеуі Сирияға ертіп кеткен. Содан, Сирияда бір ай тұрған. Күйеуі шахид деп, күйеуінің Сириядағы досы келген. Қыз оған күйеуге шығыпты жалғыз қалмас үшін. Содан арада бірнеше аптадан соң, ол күйеуінде шахид деген. Сөйтіп, ол қыз сегіз рет күйеуге шыққан.

Бір күні сыртта жүрсе, өліп қалды деген күйеулерін көрген. Тіпті, бірінші күйеуі де тірі болып шыққан. Ол қыз барлығының өтірік екендігін біліп, қашуға бел буып, ақыры кұжатсыз елге оралған. Жылайды... Кұрсағымдағы баланы амалым жоқтықтан көтеріп жүрмін деп. Босансам, ол баланы жетімдер үйіне беремін дейді. Сирияда әйел адамды қатты қорлайды екен. Тек қана өздерінің ләззаттарын алса болды. Ешқандай да жиһад жоқ, қайта жыныстық қатынас көп дейді.  Мен, оны көріп Алла мені сақтаған екен дедім. Артынша тәубеге келіп, Ханафи мазхабына келгендігім бар. Ақидамнан енді адаспаспын деп ойлаймын. Бірақта, кейбір туыс ағаларым саляфиттік жолды ұстанушылар. Кейде бұрынғы өмріне қайт деп ақылдарын айтады... Бірақта, оларға сөзім жүрмеген соң бірдеңе деу қиын!..

Мен, Матруди ақидасындағыларға қатты тиісетін едім. Әсіресе, әлеуметтік желілерде көрген кездерімде. Өйткені, саляфиттік жолдағылар оларды көрсең, орнына қойып таста дейтін. Комментарияларда көп ұрсысатынбыз. Пікір таластыруға ерінбе, түбінде өзі ұтылады деуші еді. Матрудиткалар саған аманат, жүректеріне Шубуха түсірсең өздері-ақ сенен кешірім сұрайды дейтін. Иә, бұл қателіктерімді есіме алсам, көзіме әлі күнге дейін жас келеді. Және де менің Сирияға баруыма себеп бола жаздаған саляфиттік жолды ұстануымнан еді. Кейінгі оқырманға менің жасаған қателігімді жасамаса деймін.

Қазіргі таңда «Замуж за муджахида» деген сынды діни топтар жетіп артылады. Оның астарында осындай жат пиғылды іс-әрекетті көздейтін жандар бар. Сондағы тіркелген оқырмандардың әйел адамы болсын немесе ер адамы болсын сөйлессеңіз іші-бауырыңызға кіріп кете жаздайды. Қыздар сіз үшін жар болуға даяр болса, ер адамдар сіздің нағыз бауырыңыз. Мұндай ақпараттардың жетегінде жастарымызды сақтауымыз үшін сараптау қажет. Мемлекетіміздің тарапынан әлеуметтік роликтермен түсіндірулер арқылы және театрлық қойылымдардың арқасында, дәстүрлі исламға бет бұрып, бұрыңғы іс-әрекеттерінен өкініп жатқан жастарымыз да бар. Бұл дегеніңіз өте жоғарғы көрсеткіш! Ал, жоғарыдағы кейіпкеріміздің тағдыры, көбімізге ой салары анық! Және де кейбір жастарымызға сабақ болады деген ойдамыз.

0 пікір