Хасан (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай айтқанын келтірген: «От ағашты жалмағандай, жақсы амалдарды ыза мен қызғаныш жалмайды».

Ғабдурахман бин Муғауия (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай дегенін келтірген: «Ешкім де үш нәрседен: күдіктен, қызғаныштан әрі жаман пікірден (болжаудан) қашып құтыла алмайды». «Уа, Алла Елшісі, бұлардан қалай құтылуға болады?», - деп сұрағанда, ол былай деген:  «Егер қызғансаң — қызғанышқа берілме, яғни, егер жүрегіңде қызғаныш пайда болса, бұл сезімді сыртқа шығарма да басқа адамның Алла берген ризығынан айырылып қалуын тілеме. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай айтқан: «Егер сен күдіктенсең – тексерме, яғни, бір мұсылман туралы расымен білмесең, ол туралы жаман ойлама».  «Егер жаман ойласаң – бұл ойдан арыл да қайта оралма, яғни, егер сен жолға шығайын деп жатқанда бір қатты дауыс немесе қарғаның қаңқылдағанын естісең, не болмаса сенің әлдебір дене мүшеңді әлдекімнің тартып қалғанын сезсең – жаман болжаулардан аулақ бол». Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың өзі (с.а.у.) жақсы болжамдарды ұнатып, жаман болжамдарды қаламайтын.

«Жаман болжамдардың жәһилиәт дәуірінде де болғандығы», - келтірілген. Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Яки олар, өздері қорыққан апаттың алуынан алаңсыз болды ма?... (16:47).

Ал басқа бір аятта былай келтірілген: «Олар: “Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер” деді» (36:18). Ибн Ғаббас (р.а.) былай айтқан: «Әр кез құстың дауысын естігенде, былай де: «Уа, Аллам, Сенің Құсыңнан басқа құс жоқ, Сенің игілігіңнен басқа игілік жоқ, Сенен басқа Құдай жоқ, Сенің күшің мен құдіретіңнен басқа күш пен құдірет жоқ», - сосын болжаудан аулақ бол, өйткені Алланың рұқсатынсыз саған ештеме де зиян келтіре алмайды».

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай айтқанын келтірген: «Бір-бірлеріңді жек көрмеңдер, бір-бірлеріңді қызғанбаңдар, бір-бірлеріңе бағаларыңды өсірмеңдер. Уа, Алланың құлдары, бір-бірлеріңе бауыр болыңдар».

Муғауия бин Абу Суфьян өзінің ұлына: «Ұлым менің, қызғаныштан аулақ бол, өйткені қызғаныш сенің дұшпаныңнан бұрын сенде пайда болады», - деген.

Факих (р.а.) айтқан: «Ыза мен қызғаныштан артық жаман нәрсе жоқ, өйткені қызғаншақ адам мынадай бес жазаға ұшырайды.

Біріншісі: Таусылмайтын уайым.

Екіншісі: Сауабы болмайтын қасірет.

Үшіншісі: Дәріптелмейтін қорлық.

Төртіншісі: Ол Алланың қаһарында болады.

Бесіншісі: Оған таупиық есіктері жабық болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай айтқан: «Шындығында, Алла Тағаланың берген нығметінің жаулары болады». «Уа, Алла Елшісі, олар кімдер?», - деп сұрағандарға, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай жауап берген: «Адамдарға Алла Өз мейірімімен берген нығметтерін - қызғанатындар, көре алмайтындар».