Құранда мүлік, билік, үкім сұрауға қатысты дұғалар
Құранда мүлік, билік, үкім сұрауға қатысты дұғалар
7 жыл бұрын 6643 www.muslimpress.ru

1. Содан ол: "Уа, Раббым! Мені кешіре көр һәм (маған хақ дініңді жер бетіне үстем ету үшін) менен кейін бірден-бір жанға лайық болмайтын, жан баласының қолы жетпейтін шексіз билік нәсіп еткейсің! Шүбәсіз, Сен Уаһһабсың (бергенде біржолата үйіп-төгіп беретін асқан жомартсың!" - деп жалбарынды". ("Сад" сүресі, 35-аят)

2. (Мұхаммед! Былай деп айт): "Уа, бар билік бір Өзіне ғана тиесілі болған Алла тағалам! Сен билікті қалағаныңа бересің һәм қалағаныңнан билікті тартып аласың. Сондай-ақ қалағаныңды үстем етесің және қалағаныңды қор қыласың. Жақсылық атаулы бір Өзіңнің ғана қолыңда, Шүбәсіз, Сен барлық нәрсеге толық құдіреттісің". ("Әли Имран" сүресі, 26-аят)

3. Сол сәтте Мұса: "Уа, Раббым! Менің сөзім тек өзім және бауырыма ғана өтеді. Енденше, біз бен мына жүгенсіз кеткен күнәһар қауым арасында Өзің билік айтқайсың", - деп жалбарынды. ("Мәида" сүресі, 25-аят)

 

0 пікір