Құран - ең күдігі жоқ ақиқи кітап.
Құран - ең түпнұсқа ескі кітап.
Құран - ең көп оқылатын кітап.
Құран - ең көп жатталатын кітап.
Құран - ең көп зерттелетін кітап.
Құран - ең асыл мұра болып қалған мұғжиза кітап.
Құран - ең ғажайып сөз һәм сөйлем құрылысы тұнған кітап.
Ең көп есімі бар сүре - Фатиха.
Ең озық дұға үлгісі - Фатиха сүресі.
Ең Құранның мазмұнын қамтыған Фатиха сүресі.
Ең алғаш түскен Ғалақ сүресінің алғашқы 5 аяты.
Ең көп сүре Меккелік.
Ең ұзын сүре - Бақара сүресі.
Ең ұзын аят - Бақара сүресінің 282 аяты.
Ең қысқа Аср, Кәусәр және Наср сүрелері. Үш аяттан тұрады.
Ең аяттары қысқа сүре - Кәусар сүресі.
Ең ақида яғни сенім мәселесін жан-жақты қысқа-нұсқа қамтыған Ықылас сүресі.
Ең соңғы түскен аят - Бақара сүресінің 281 аяты.
Ең ұлық аят - Бақара сүресінің 255 аяты.
Ең соңғы түскен сүре - Наср сүресі.
Ең ерекше сүре - бісмілләсіз басталған Тәубе сүресі.
Ең ерекше Бісміллә бір аяты болып келген Нәміл сүресі.
Ең көп хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталған Мәриям сүресі.
Ең алғашқы Лафзатуллаһ Фатиха сүресінде.
Ең көп қайталанатын Лафзатуллаһ.
Ең барлық аятында Лафзатуллаһ кездесетін Мужәдәлә сүресі.
Ең алғашқы әл-Әсмәәул-хуснәә Фатиха сүресінде келген әр-Рабб.
Ең соңғысы Нас сүресінде келген әл-Иләәһ.
Ең көп әл-Әсмәәул-хуснәә Хашр сүресінің 22-24 аяттарында жинақталған.
Ең көп шоғырланған хуруфул-муқаттаға әріптері Мәриям сүресінің бірінші аятында.
Ең қысқа аятпен басталатын «Та-һа» сүресі.
Ең алғашқы аяттары "Ха-миим" деп хуруфул-муқаттағамен басталатын Ғафир, Фуссилат, Шура, Зухруф, Духан, Жәсия және Ахқаф.
Ең ерекше бәрі хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталатын сүрелер 25-ші парада.
Ең ерекше екі аяты қатар хуруфул-муқаттаға әріптерімен басталатын Шура сүресі.
Ең көп аяты қайталанған Рахман сүресі.
Ең көп аты аталатын ана - Мәриям анамыз.
Ең көп келетін етістік - суләси мужаррад сахихта (ғ-л-м) яғни ғалимә.
Ең көп келетін етістік - суләси мужаррад әжуафта (қ-у-л) яғни қаалә.
Ең көп суләси мәзидте әәмәнә етістігі.
Ең ескі үй - Қағба.
Ең алғаш кездесетін сәжде аяты Ағраф сүресінде.
Ең соңғы кездесетін сәжде аяты Ғалақ сүресінде.
Ең көп аяттан тұратын және ішінде сәжде аяты бар сүре - Ағраф сүресі.
Ең аз аяттан тұратын әрі ішінде сәжде аяты бар сүре - Ғалақ сүресі.
Ең ұзын жеті сүре Құранның 9 параға жуығын қамтиды.
Ең көп сүре шоғырланған 30-шы пара.
Ең әз елшіні қартайтқан Һуд сүресінің 112-аяты.
Ең керемет хикая Юусуф сүресінде.
Ең бекем сөз Ибраһим сүресінің 27-аятында.
Ең көркем сөз - Фуссилат сүресінің 33-аяты.
Ең шынайы сөз деп Ниса сүресінің 122-аяты.
Ең жаман дауыс - есектің дауысы.
Ең әлсіз үй - өрмекшінің ауы.
Ғылым-білімді алға жетелейтін аят - Фуссилат сүресінің 53-аяты...
Әрине Құранның әр сүресі һәм аяты тіпті әрбір әріпі біз үшін ең-еңдерден болып, қыруар тылсым сыр қамтығаны ақиқат. Біздің білер әрі тілеріміз Құранның шапағаты мен шарапатынан құр алақан қалмасақ екен деген үміт.
Раббымыз Ғаршыдан, елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) Құранды түсіргендей, біздің тіліміздегі Құранды жүрегімізге түсіріп бойымызға дарытсын!