Қияметте ауыр азапқа душар болатын 3 адам
Қияметте ауыр азапқа душар болатын 3 адам
6 жыл бұрын 10734

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (с.а.у.): «Қиямет күні Алла тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді. Оларға (мейіріммен) қарамайды әрі (күнәларынан) тазартпайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады. Олар: 

  1. Шөл далада қажетінен артық ауыз суы бола тұра, оны өзге жолаушылардан аяған адам. 
  2. Кешкі базарға шығып, сатып алушыны: «Алланың атымен ант етейін! Өзім мұны мынанша бағаға сатып алған едім» деп сендіріп, дүниесін алдап өткізген адам.
  3. Сондай ақ, ел билеген басшының алдында қара басының пайдасы үшін «саған адал боламын» деп ант қабылдап, кейін әлгі басшының шарапаты тисе уәдесінде тұрып, ешбір жақсылығын көрмесе, сертінен тайған адам», - деп айтты», - деген. (Бұхари, шәһәдат  22/ ахкәм 48; Муслим, иман 171).
0 пікір