Қайта қуаттану, өзіңді қалпына келтіру уақыты...
Қайта қуаттану, өзіңді қалпына келтіру уақыты...
4 жыл бұрын 3544
Аударған Меруерт Бақдаулетқызы

Тынымсыз тіршілікте адам өміріне неліктен үзіліс керек? Елестетіп көріңізші, мәселен, сіз екі күн қатарынан 150 км/сағ жылдамдықпен, бағдаршамның тоқтау белгісіне, қызыл жарығына қарамай немесе аялдама белгісіне, яки жаяу жүргіншілер өткеліне тоқтамай екінші бетке өтсеңіз... Соңы қалай аяқталады?

Көлік апатқа ұшырауы мүмкін немесе жанармайы таусылады, болмаса бірдеңе істен шығады, яки айналып өту белгісін байқамай, бұрыс бағытқа өтіп кетесіз...

 Бұл ақылға қонымды мысал, алайда кейбіреулеріміз осылайша асқан жылдамдықпен үзіліссіз өмір сүріп, дамылсыз қозғалыстың арасында өзімізді ұмытып, сүріне-қабына жүгіреміз ...

 Құранда адамзатқа әрдайым ойлануға, жүгіруді тоқтатуға насихаттайтын бір аят бар. «Ендеше, қайда кетіп бара жатырсыңдар?» (Құран, 81: 26). Баршамызды тереңнен ойлануға шақыратын мағыналы сауал. Сіз жұмыс істеп, теледидар көріп, кептелісте тұрғаныңызды елестетіп көріңіз, кенеттен біреу сізді тоқтатып: «Қайда барасыз?» деп сұрайды.

 Сұрақтың мәнін түсінген сәтте сіздің санаңызда тыныштық орнайды, сіз оны физикалық түрде сезесіз. Айтылмыш сауалдың мағынасы мансапта қайда бара жатқаныңыз бен қандай отбасылық жоспарлар құрғаныңыз әрі армандаған нәрселеріңіз жайында емес. Олар сізден: «Сіздің өміріңіз қай бағытқа кетіп барады?»-деп сұрайды.

 Өз өміріңізге 50 мың шақырымнан сырттай қарап, жауап беріңіз, қайда бара жатырсыз? Неге біз үзілістерді ұнатпаймыз? Кідіріс жасап, тоқтау және ойлану бізге саналы шешім қабылдауға көмектеседі, нәтижесінде өмірдің мәнді әрі сапалы болуына ықпал жасайды. Әйтпесе, біз алды-артымызға қарамай дамылсыз, ешбір ойланбастан дұрыс шешім қабылдауға тырыспай, тіршіліктің толассыз ағынымен жүреміз, содан кейін өкінеміз...  Сонымен біз үзілістерді неліктен сирек жасаймыз?! Әдетте, біз өзімізге «менің уақытым жоқ», «мен бос емеспін», «мен үшін маңызды істер бар» деген сияқты сылтауларды табамыз. Бірақ іс жүзінде біз үзілістерді ұнатпаймыз, өйткені, ол бізге қолайсыз көрінеді.

 Үзілістер кезінде (тіпті қысқа болса да, бірнеше минут ішінде) біз жасалған нақты таңдаудың келешекте жағымсыз салдары болуы мүмкін екенін түсіне бастаймыз (мәселен, тұрлаусыз тіршілікте бас айналдыратын мансап жасауға ұмтылып, отбасылық өмірге қауіп төндіреміз, денсаулығымыз бен амандығымызды соңғы орынға қоямыз, тек барлығы кеш болғанда оянамыз, ғибадаттардың орындалуын жұмысқа/отбасына байланысты кейінге қалдырамыз әрі рухани өмірімізді құрбан етеміз т.б.).

 Ешкім қателескісі келмейді. Алайда мұнда ой жүгіртетін бір дүние бар: біз ойлануды тоқтатпай, әлі кеш болмай тұрып, бағытымызды сәл түзету керек пе, бәлкім, толыққанды бұрылыс жасау керек пе екенін білмейміз. Ислам әрдайым өзіңе есеп беріп, терең ойлануды, өзіңді танып, үзіліс жасауды қуаттайды.

Адам әрқашан бір жерге асығуға бейім, өйткені, Алла Құранда айтқандай: «...Адам  баласы  жамандықты  жақсылық  тілегендей тілейді. Негізінен, адам баласы тым шыдамсыз» (Құран, 17:11). Дініміз бізді төрт парызға тоқтауға шақырады: бес уақыт намазға күніне бес уақыт тоқтауға; жылына бір рет Рамазан айындағы ораза кезінде күндіз тамақ ішуді тоқтатуға; жылына бір рет шығындарды тоқтатып, зекет беріп, жинақтаған ақшаңды есептеп, мұқтаж жандардың қажеттіліктеріне 2,5% беруге; мүмкіндігің болса, өмірде бір рет үзіліс жасап, қажылыққа баруға үндейді. Ол жерде мұсылман тарихының сабақтастығы мен өмірдегі орны туралы ой жүгірту мүмкіндігі бар.

Бұл-үзілістер, егер оларды байыпты және жайбарақат қабылдаса, біздің өмірімізге күрт әсер етуі мүмкін. Бірақ ең бастысы - «оларға байыппен қарау». Күнделікті өмірде үзіліс жасау әдісі сізге тоқтауға әрі ойлауға көмектесетін рухани рәсімдерден басқа, сіз өз өміріңізде пайдалы әрі нәтижелі үзілістерге қолайлы сәттерді таба аласыз.

Мысалы:

1. Таңертеңгі үзіліс. Жұмыс күнін бастамас бұрын 10-15 минут уақыт бөліп, өміріңіздің осы күнін қалай өткізгіңіз келетінін, қандай шешімдер қабылдауыңыз қажеттілігін ойланыңыз.

2. Кешкі үзіліс. Күннің соңында сол күннің қалай өткенін әрі ертеңгі күнді бүгіннен гөрі не жақсартатыны туралы тағы 10-15 минут ойланыңыз.

3. Аптасына бір рет үзіліс жасау. Аптасына бір рет өміріңізді қайта қарау, өзіңізді есепке алу және бағалау - бұл сіздің маңызды істеріңізді бақылауда ұстауға көмектесетін пайдалы құрал.

4. Әр үш айда үзіліс жасау. Көптеген адамдар жұмысты ай сайын емес, үш айлық аралықпен өлшеуді жөн көреді, осы уақыт аралығында сіз негізгі істерде айтарлықтай прогреске қол жеткізе аласыз деп санайды. Сонымен қатар, біз үш ай сайын тоқтап, қорытынды жасай отырып, бұл жыл прогрессіз өтпейтініне сенімдіміз.

5. Жылына бір рет демалыс жасау.

Жылына бір рет демалыс. Осы жайында біз басында тілге тиек еттік: жылына бір рет қандай да бір әдемі жерге барып, 50 мың шақырым қашықтықтан өміріңізге сырттай қарап, келесі жылға мақсаттарыңызға нақты жету жоспарын жасау-бұл таңғажайып тиімді әдіс. 

Дереккөз: Islam.plus

0 пікір