Сағд ибн Муаз қайтыс болған кезде, жерлеуге Алла Елшісімен (с.а.у.) бірге бардық. Алла Елшісі жаназа намазын оқыды, содан кейін мәйіт жерленді. Жерлеп болғаннан соң, Алла Елшісі (с.а.у.) дереу «Субханалла», «Аллаһу әкбәр» деп айта бастады, бізде оған қосылып айттық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұны көп қайталады. Одан алдымен тәсбих, содан кейін тәкпір айтуының себебі сұралған кезде, былай деп жауап берді: «Бұл салих құлдың қабірі оны қыса бастады, сол себепті Алла Тағала оны кеңейткенге дейін тәсбих пен тәкпір айттым» (Ахмад ибн Ханбал 135).
Адам баласы өзінің мұқтаждығын сезіне отырып Аллаға жалбарынуы тиіс, үнемі Алланы есіне алып, зікір етуі қажет. Өзін үнемі есіне алып, зікір ететін құлдарымен мақтанатынын Алла Тағала құдси хадисте былайша баяндайды:
Алла Елшісі (с.а.у.) ұйқыдан бұрын «33 рет Субханалла, 33 рет Әлхәмду лиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар» деп, артынша бірнеше дұғалар оқитын. Сол дұғалардың бірі мына дұға: Пайғамбарымыз (с.а.у.) үш рет «Әлхәмду лиллаһ», үш рет «Аллаһу әкбар» деп мына аятты оқитын:
Хадис ғалымы Абдуссамад ибн Сүлеймен өз өміріндегі бір оқиғаны былай жеткізеді: «Ахмад ибн Ханбалға қонаққа барғанда, түнде бөлмеме су қойды. Таңертең суды қолданбағанымды көріп: «Зікірге көңіл бөлмейтін қалайша хадисші бола алады?», - деді. Қонақта екенімді айтып едім, «Қонақ бол! Мәсруқ қажылыққа келгенде, қонақ болды, бірақ түнде тек қана сәждеде ұлықтайтын», - деді. Іштей іріп-шірудің, рухани құлдыраудың бірден-бір себебі – зікірлер мен күнделікті дұғаларды қандай да бір себептермен тәрк ету. «Дінге қызмет етіп жатырмыз, Алла жолында жүрміз» деп, зікір, дұғаларға ат үсті қарайтын жағдайға жеттік. Егер табиғиндер мен содан кейінгі келгендерге қарайтын болсақ, олар өздерімен бірге қандай ауыр жүкті арқалап жүрсе де, сол жауапкершіліктерімен қоса зікір, дұғаларын ауызынан тастамағанын көреміз.
Жұмақтың есігін ашатын игі істер
Адамның бұл дүниедегі ғибадаты, мойнына алған жауапкершілігі және тартқан тауқыметтері о дүниеде басқаша кейіпке ауысып, иесінің алдынан шығады. Кішкене дәнек қалайша алып ағаштың бағдарламасын бойында сақтауда және топырақтың қойнына түскенде, өніп шығып, сол ағаштың пішінін алуда, дәл сол секілді бұ дүниеде жасалған ғибадаттар, басқа түскен ауыртпалықтарға сабыр ету және құлшылық ниетімен жасалған игі істер арғы жақта өніп-өсіп жеміс беретін дән іспеттес. Бұл дүниедегі әрбір тәсбих («Субханалла» деп айту), тәхмид («Әлхамду лиллаһ» деп айту), тәхлил («Лә иләһә иллалла» деп айту), тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) бейне бір топырағына қауышқан тұқым тәрізді ақиретте сан алуан жәннат нығметтерімен нәтижеленеді. Тіпті мынаны да айтуға болады:
Жәннатта түрлі-түрлі жемістердің өсіп-өнуі мүміннің бұ дүниедегі іс-әрекеттерімен тікелей байланысты. Әһлі сүннет бойынша, қазіргі таңда жәннат бір тұқым түрінде бар. Жәннатты жоққа шығару Әһлі сүннет уәл-жамағат қатарынан шыққанмен бірдей. Алайда жәннаттың, бір тұқымның ағашқа айналғаны секілді, өсіп-жетілуі, толысуы мүміндердің амалдарына байланысты. Амалдар жалғасқан сайын, оның (жәннаттың) жетілуі де жалғаса береді. Соған қарай, әрбір мүмін өмір бойы өз жәннатын толықтыруға және тамамдауға тер төгеді. Ол өмір сүре отырып, намазымен, оразасымен, қажылығымен, зекетімен және садақасымен өз жәннатына жаңа-жаңа мәртебелер қалайды, алуан түске бояйды, соңында, өмірден өтіп, ақиретке аяқ басқанда өз (амалының) әбден жетілген күйінде алдынан шыққанын көреді. Міне, сол кезде мүміннің амалдары жемісін береді де, иесі олардың жемісін көреді. Мысалы, бұ дүниеде бір мәрте «әлхамдулилла» деген адам ол жақта жәннаттың бір жемісін жейді.
Қай уақытта дұға етуіміз керек?
Қабыл болатын дұғаның бірі – парыз намаздың артынша жасалатын дұға. Өйткені ол уақыт құлдың намаздың кіріспесінде құлақ қағып, «Аллаһу әкбар» деп айту арқылы осы дүниемен байланысын үзіп, рухани жан дүниесімен мағрифат (Алланы тану) көкжиегіне қарай қанат қағып, сәждеге бас қою арқылы Жаратушысына жақындай түсіп, терең рухани атмосфераға бөленген шағы, қысқаша айтқанда, діннің тірегі – намаз арқылы күнәлардан арылып, нәпсісі күнә жасауға мүмкіндік таба алмаған уақыт. Сондықтан мұндай күйді, мұндай жағдайды дұрыс пайдалана алу керек. Осындай рухани атмосферада жасалатын ең жақсы нәрсе – дұғаға берілу, дұғаға ден қою және бүкіл жаратылыстың дұғасына үн қосу болмақ.