Пайғамбарымыз (с.а.у.) неге әжетханаға сол аяқпен кіруді айтқан?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) неге әжетханаға сол аяқпен кіруді айтқан?
1 жыл бұрын 4067

Пайғамбарымыз (с.а.у.) таза нәрселерді оң қолымен, ал таза емес нәрселерді сол қолымен бастайтын. Мысалы, тамақты оң қолымен ішетін, киімді оң жағынан бастап киетін, мешітке оң аяғымен кіретін т.б. Ал таза емес нәрселерді сол қолымен істейтін, мысалы, әжетханаға сол аяқпен кіріп, он аяқпен шығу да соған жатады.

Ендігі жерде әжетханаға сол аяқпен кірудің мәні не? Астарында не жатыр? - деген сұраққа, бір түрік дін уағызшысы, бүгінде ол кісі өмірде жоқ, сол кісі өзінің тірі кезінде айтқан уағыздарының бірінде әдемі түсіндірген екен, айтқаны көкейге қонымды болғандықтан сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Тимурташ Ұчар есімді дін уағызшының айтысына қарағанда:

- Пайғамбарымыздың әжетханаға сол аяқпен кіруді кеңес етуінің бір мәні - кісі бір себеппен әжетханаға кірерде құласа, алға қарай туалеттің ішіне емес, артқа қарай шалқасынан туалеттің сыртына құласын дегендік. Себебі бірінші сол аяқты басқан адам шалқасынан құлайды, ал бірінші оң аяғын басқан адам құласа, алдыға қарай етпетімен құлайды. Оның бір мәні сол, - деген екен мархұм дін білгірі.

0 пікір