Пайғамбарымыз (с.а.у.) балаларға қоюға тыйым салған есімдер
Пайғамбарымыз (с.а.у.) балаларға қоюға тыйым салған есімдер
7 жыл бұрын 7084 muftyat.kz

Ата-аналардың негізгі міндеті балаға тек тақуалық пен дін негіздеріне сай жақсы тәрбие беріп қана қою емес, сонымен қатар,  жақсы мағынасы бар есімдер беру де болып табылады.  Бұл жөнінде талай хадистер мен сахабалардың  өмір тарихтары бар, мағыналары жақсы емес сахабалардың есімдері анағұрлым әдепті есімдерге ауыстырылып отырған. Алла Елшісі (с.а.у.) балаларға пұттардың және Ислам қағидаларына қайшы келетін есімдерді қоюға тыйым салған.

Мысалы үшін, екі дүние Сардар Пайғамбарының (с.а.у.) кезінде әйел сұлулығын білдіретін пұттың Санам деген аты кең тараған болатын. Бұл есім Алла Елшісінің (с.а.у.) өзімен тыйым салынған,  ал бұл есім берілген жандар мағынасы жақсырақ есімдерге ауыстырған.  Сондай-ақ, балаға Абд, яғни құл деген сөзді білдіретін қосымшасын қоспай, Алла Тағаланың бірде-бір атын қою дұрыс емес болып саналады.

Мысалы, егер адам өзінің ұлына Алла деп ат қойса, Ислам тұрғысынан алып қарағанда бұл дұрыс емес, себебі Алла Тағала Жалғыз және Оған тең келер ешкім жоқ. Бірақ егер ол ұлын  Абдулла («Алланың құлы») деп атаса, онда мағынасы жағынан көркем әрі мұсылман ортасында бірден-бір кеңінен таралған есім болады. Белгілі сахаба Әбу Хурайраны (р.а.) ата-анасы Абдуш-Шамс, яғни, Күннің құлы деп атаған екен. Алла Елшісі адам күн не аймен атала алмайды деп, оның есімін Абдур-Рахман, яғни, Мейірімді Алланың құлы, деп өзгерткен екен. Есімдерді қысқартып не болмаса бастапқы мағынасы өзеретіндей етіп өзгерту де дұрыс әрекет болып саналмайды.

Мысалы, бірқатар елдерді Абдулла есімін қысқартып  Апо, Апуш және т.б. деп айту қалыптасқан. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай айтқан: «Қиямет күні сендер әклеріңнің әрі өздеріңнің аттарыңмен шақырыласыңдар, сондықтан балаларыңа көркем мағыналы есімдер беріңдер»

Соңғы уақытта балаларға басқа мәдениеттен, соның ішінде, батыстан алынған есімдермен атау үрдісі байқалуда. Алайда, ең алдымен, балаға ат қоймай тұрып, оның мағынасын білу, Ислам нормасы бойынша рұқсат етілгендігін анықтау қажет, тек әдемі есім екен деп қоя беруге болмайды. Кейде тіпті сандыраққа дейін жетеді,  ата-аналары балаларын компьютер ойындарындағы сүйікті кейіпкерлерінің аттарын да қойып жатады.  Бала — бұл тірі адам және оған қойылған атпен ол басқа адамдар өмір сүретін қоғамда өмір сүретіндігін естен шығармаған жөн.

0 пікір