Өзін өлтірудің күнәсі
Өзін өлтірудің күнәсі
3 жыл бұрын 4102

Бисмилләһир рахманир рахим

Адам өлтіру қандай ауыр күнә болса, өзін өлтіру де соншалықты күнә. Кісі өміріне жасалған қастандықтың күнәсі жайында айтылған риуаяттар, өзіне қол салуды да қамтитыны сөзсіз. Сондықтан да, кімде-кім әлдебір тәсілмен өзіне қол салған болса, оның ол ісі – Алла харам еткен «нақақтан нақақ адам өмірін қию» болып табылады.

Өйткені, адамның өмірі оның мүлкі емес. Ол өзін жаратпады, ағзаларының біреуін де өзі жасамады. Бірде-бір клеткасын бар етпеді. Оның жанын Алла Тағала оған аманат қылып тапсырған. Аманат болып берілген жанына зардап шектіруге рұқсат етілмеген, ендеше қалайша қастандық жасау рұқсат болуы мүмкін?

Алла Тағала Құранда былай деген:

«Өздеріңді өлтірмеңдер. Шынында Алла Тағала сендерге мейірбан!». (Құран Кәрім: «Исра» сүресі, 33 аят).

Ислам діні мұсылман кісіден қиындықтарға қарсы мықты, әрі табанды болуын қалайды. Керісінше, басына бір қайғы келсе немесе үміттенген нәрсесі болмай шықса, бірден өмірден безуін дұрыс көрмейді.

Шынынды мүмін отыру үшін емес, күрес үшін, қашу үшін емес, арпалысу үшін жаратылған. Оның иманы мен тәрбиесі өмір майданынан қашуына кедергі. Оның жүзі кетпес (иман деген) өткір қаруы бар, таусылмас (көркем мінез деген) оқ қоры бар. Иман қаруы – берік, тәрбие қоры – мығым.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) суицид деген ұнамсыз іске барушылардың, Алланың рахымынан махрұм қалатындықтарын және Алланың ашуына лайық болатындықтарын ескерткен. Пайғамбарымыз былай дейді:

«Сендердің алдыларыңда бір кісі болған-тын. Ол жарақаттанып, ауруға шыдай алмай, қолына пышақ алып қолын кесіп тастайды. Бірақ қан тоқтамай, ақырында қансырап өледі. Сонда Алла Тағала: «Пендем менің алдымды орағытып кетті. Сол үшін оған пейішті харам еттім» - деді». («Сахих Бұхари», «Сахих мүслім»).

Жарақаттың аурына шыдай алмай өзіне қол салған пендеге пейіш харам етілген болса, аз не көп шығынға батырған келісім себепті өзіне қол салғанның немесе эмтиханнан құлап қалғаны себепті өмірмен қош айтысқанның яки сүйген қызы қарамай кетті деп суицидке барғанның халін топшылай беріңіз.

Рухы әлсіздер Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына қатаң ескертуіне құлақ асса екен:

«Кімде-кім,  өз-өзін таудың төбесінен тастап суицид жасаса, ол адам өзін мәңгі қалатын тозақ отына жоғарыдан лақтырған болады.  Кімде-кім, өзін у ішіп өлтірсе, мәңгі-бақи  тозақ отында қолындағы уын жұтатын болады. Кімде-кім, өзін кесетін өткір бір затпен өлтірген болса, ол тозақта мәңгі бақи қолындағы кескен затымен қарнын тілетін болады»[1]. («Сахих Бұхари», «Сахих мүслім»).



[1]  Доктор Шейх Юсуф әл-Қардауи, «әл-Хәләл уәл Харам филь Исләм». "Мәктәбәтуль Уәһбия", Каир, 1997 жыл. 

0 пікір