Ораза кезіндегі пайдалы азық-түлік түрлері
Ораза кезіндегі пайдалы азық-түлік түрлері
9 жыл бұрын 7217 muslim.kz

1. Қуырылған, ащы тағам, кофе және газдалған сусын қолданбаңыздар! Бұл ағза жағдайының әлсіреуіне әкеліп соғады.

2. Сәресі кезінде шамадан тыс тамақтанудан және су ішуден сақтаныңыздар! Олай ету күні бойы тонусты қолдап тұратын минералды тұздарды ағзадан шығарады.

3. Сәресі кезінде ұзақ қорытылатын әрі күні бойы өзіңізді тоқ сезініп жүретіндей тағамнан жеңіздер! Құрма — қанттың, жасұнықтың (клетчатка), көмірсудың, калий мен магнийдің таптырмас көзі. Бадам (миндаль) — протеиндер мен майлылығы төмен талшықты заттектердің көзі. Банан калий, магний, көмірсуларға бай.

4. Ауызашар мен сәресі аралығында ағзадағы сұйықтықтың қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін көп мөлшерде су мен түрлі табиғи сусындар ішіңіздер!

5. Кофеинді фито және құрамында кофеин жоқ шайларға алмастырыңыздар!

6. Нан өнімдерін пісірерде кебек, бәліш пісірерде майда тартылмаған ұнды қолданыңыздар!

7. Метеоризм (ішектегі газ) тудыратын тағамдарды қабылдамаған абзал. Ондай тағамдарға мысалы жұмыртқа, қырыққабат, жасымық (чечевица), газдалған сусындар жатады.

8. Сәресіні жіберіп алмаңыздар! Және сәресіде құрамында қант мөлшері көп тағамдар мен сусындардан бас тартқан жөн. Себебі, қанттың көп мөлшері ағзаны көбірек инсулин бөлуге итермелейді де, қандағы қант мөлшерінің түсуіне әкеліп соғады. Ал бұл өз кезегінде әлсіздікке, бас айналуы мен ауруына, шаршауға, жүректің қатты соғуына себепкер болады.

9. Жеміс, көкөніс, ет, құс еті, балық, нан, дәнді-дақыл және сүт өнімдері. Осы топтардағы азық-түліктен бір-бірден алып, тағамдарыңызды үйлестіріңіздер.

0 пікір