Оқыған адамға Алла тағала мол сауап жазатын дұға
Оқыған адамға Алла тағала мол сауап жазатын дұға
8 жыл бұрын 22592

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы дұға туралы былай деген: «Кімде-кім таңертең және кешке осы дұғаны оқитын болса, оны Өзіне разы ету Алла Тағалаға тиесілі іс болады  (яғни, Алла Тағала оған молынан сауап жазады да, ол Аллаға разы болады)». Сондай-ақ, осы дұғаға қатысты Ахмәд ибн Ханбәлдің «Муснәд» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кімде-кім азаншының дауысын естіген кезде осы дұғаны оқыса, күнәлары кешіріледі».

Оқылуы: Радыйиту билләһи Раббә уә бил-Исләәми диинә уә би Мухаммәдин нәбийә.

Мағынасы: Раббы ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға және пайғамбар ретінде Мұхаммедке (с.а.у) разы болдым.

1 пікір