Өлім періштесі адамның жанын қалай алады?
Өлім періштесі адамның жанын қалай алады?
8 жыл бұрын 9829 Ihsan.kz
Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: «Кімде-кімнің өмірі қиын болса, Маған салауат айтсын, шындығында салауат адамның ырзығын арттырып, қиындығы мен қайғысын кетіреді».

Егер де Алла Тағала бір пендесінің жанын алуын қаласа, пенденің ауызына өлім періштесі келіп жанын алмақшы болғанда, пенденің аузынан зікір шығып, өлім періштесіне "Саған бұл жерден жол жоқ себебі бұл адам тіршілікте Алла Тағаланы мадақ етті" дейді. Осыны естіген өлім періштесі Алла Тағалаға барып болған жағдайды айтады, сонда Алла Тағала онда оның жанын басқа жағынан ал деп әмір етеді.

Содан өлім періштесі пенденің қол жағынан жанын алмақшы болғанда, пенденің қолынан садақа шығып: "Бұл жақтан саған жол жоқ, себебі бұл пенде тіршілікте осы қолымен садақа қылды, жетімдердің басынан сипады және осы қолымен білім жазды" дейді. Содан өлім періштесі аяқ жағына барады, аяғы оған "Мен жақтан саған жол жоқ, себебі бұл адам осы аяғымен аурудың көңілін сұрап барып білім алатын еді" деп жауап береді, кейін өлім періштесі пенденің құлақ жағына барады, сонда құлақ тұрып: "Саған бұл жақтан жол жоқ, себебі бұл пенде осы құлағымен Құран және зікір тыңдайтын еді", сонда өлім періштесі көзіне келеді, сонда көз "Саған бұл жақтан жол жоқ, себебі бұл пенде осы көзімен Құран оқып, осы жүзімен ғұламалардың жүзіне қарайтын еді" дейді. Амалы таусылған өлім періштесі Раббымызға қайта келгенде, Алла Тағала оған "Менің есімімді алақаныңа жазып алып, құлымның рухына көрсет" деп бұйырады. Өлім періштесі Алланың атын алақанына жазып адамның рухына көрсеткенде рух бойұсынып еш қиналмай адамның бойынан шығады.

Тағы бір хабарда:

Өлім періштесі бір адамның жанын алып жатқанда, яғни жаны тізе тұсына келгенде, Алла Тағала өлім періштесіне "жан алуыңды тоқтат" деп әмір етіп, құлым біраз демалсын дейді. Кейін жаны кіндік тұсына келгенде Алла Тағала тағы да өлім періштесіне демалдыруын әмір етеді, осыдан кейін жаны алқымына келген кезде, өлім періштесіне "Жан алуыңды тоқтат енді ағазалар бір-бірімен қоштассын" дейді, сол сәтте көз бен көз, құлақ пен құлақ, қол мен қол, аяқ пен аяқ, тән мен рух бір-бірімен «Ассалаумағалейкум» деп қиямет күнніне дейін деп, қош айтысады. Осы кезде иман мен тілдің және білім мен жүректің қош айтысуынан Алла сақтасын. Себебі бұл дүниеде иман мен тіл, білім мен жүрек қош айтысса, адам имансыз кетіп қалады. Алла сақтасын! 

Бас жағынан келген шайтанға жауап бермесе, ол малғұн адамның аяқ жағынан келіп тағы да "Пайғамбарлар (с.а.у.) өтірік айтты деп айт" дейді. Кімде-кімді Алла Тағала бақытсыз қылып жаратқан болса шайтанның сонынан еріп, бұл дүниеден имансыз кетеді.

Әбу Зәкәрияның (р.а.) ажалы таянған кезде қатты қиналғаннан есінен танып жатқанда жақын досы оған кәлиманы есіне салып талқысын оқып отырады. Осындай қатты қиналған кезінде досы "кәлиманы айт" десе басын досынан бұрып алады. Екінші рет  "кәлиманы айт" десе тағы да басын досынан бұрып әкетеді. Үшінші мәрте тағы да "айт" дегенде Әбу Зәкәрия (р.а.) "айтпаймын" деп айқай салады. Біраз уақыт өткеннен кейін есін жиған Әбу Зәкәрия (р.а.) жанындағылардан "Сендер маған бір нәрсе айттыңдар ма?" - деп сұрайды. Сонда досы: "Иә, сізге кәлиманы айт деп едік, екі мәрте басыңызды бұрып әкетіп, үшіншісінде "айтпаймын" деп айқай салдыңыз" - дейді. Сонда Әбу Зәкәрия: "Қатты қиналып жатқанымда жаныма малғұн келіп: "Саған су керек пе?" - деді, мен: "Жоқ, керек емес" деп басымды бұрып әкеттім. Тағы да маған "Иса (ғ.с.) - Алланың ұлы деп айт" деді, мен тағы да басымды бұрып әкеттім. Үшінші мәрте келіп маған "Құдай жоқ деп айт" дегенде, мен "Жоқ айтпаймын", - деп айқай салдым, сол кезде шайтан қолындағы ыдысты жерге ұрып сындырып кетіп қалды" дейді.

Араб тілінен аударылған

0 пікір