"Ninety one"! Тәңірден қорқыңдар...
"Ninety one"! Тәңірден қорқыңдар...
8 жыл бұрын 6890
Есбол Махисев

Ninety one.. Қазақша "Тоқсан бір"...

Бұл топ туралы алғаш естіп білгенде, "91 жылы туған жігіттер екен ғой" деп ойлағанмын. Сөйтсем, "91" атауы еліміздің Тәуелсіздік алған жылына орай қойылған екен ғой. Алғашында "KTI-boys" болыпты. Продюсері Моңғолиядан елге оралған - Ерболат Беделхан

Өздерінің ән айтуын стилін қысқаша "Q-pop" деп атайды. Сондағысы "Qazaq-pop" екен. "Болмасаң да, ұқсап бақ" қағидасын берік ұстанған олар, өздерінің рухани жебеушілері оңтүстік корейлердің K-pop (korean-pop) тобынан бастау алады. Жаңа бастама, өзге қарқын, алғашқы буын емес -көшірме! Сол корейлік топ туралы америкалық Rolling Ctone музыка журналы: "Ол топ еуропалық сәнді музыка мен жапондық жоғарғы энергиялы поптың қойыртпағының қоспасын айтады", - деп жазған. Яғни, "91" -  80 жылдардағы "J-pop-тың" көлеңкелері.

Сонымен топ мүшелері кімдер? Мен де қызық сұрақ қоямын. Кім болушы еді? Қазақтар:

1) Атыраулық Азамат Байболатұлы Зенқаев (A.Z) - 1993 жылы туылған.
2) Өзбек жақтан оралған Батырхан Абайұлы Мәлік (Alem) - 1993 жылы туылған.
3) Алматылық Азамат Қайратұлы Ашмақым (АСЕ)-1993 жылы туылған.
4) Семейлік Дулат Болатұлы Мұхаммедқали (ZaQ)-1996 жылы туылған.
5) Ақтөбелік Данияр Ақылбайұлы Құлымша ( Bala)-1998 жылы туылған.

Өзімізден шыққан ғой деп, туған жерімен қосып жазып отырмын.

Музыка да идеология.
Ән айтатын топ, не әнші айтар әнімен қоса сол ән салатын сахнаның (халық) болмысы мен танымына неге қарамайды екен? Олардан кейбіреулер айтып жүрген мәнсіз әнді қызғанып тұрғаным жоқ, шаш бояуды да айтып тұрғаным жоқ: айтпағым - киім киісі, құлаққа сырға таққандары, өздерін ұстауы мен бет-әлпетін бояуы. Туу, неткен жиркенішті еді!

Әлемде "Овертон терезелері" деген теория бар. Ұстанымы - нәжісте былғанған затты сенің басыңа тәж етіп кигізу. Бір кездері жиіркенген сол затты басыңа киіп алып, мәз болып жүресің. Мысалы, әлемде халық көп, 2050 жылы 10 млрд-қа жетеді. Сол миллиардты жер қалай асырамақшы?
Қытайдың өзі қазір 2 млрд-қа жетеқабыл. Ал 10 млрд халыққа су тауып берудің өзі үлкен проблема. Сол млрд-тарды азайту керек немесе осы қалпында ұстап тұру қажет. Қайтпек керек? Иә, соғыс, аштық, ауру бар. Бірақ олар да (жаһан соғысы болмаса) адамның өсімін тоқтата алмайды. Ал жаһан соғысы бүкіл жерді жоқ қылады. Не істеуге болады?

Табылды!

Адамды (әйелді) тудырмау керек! Ұрпағын өсірмеудің бір-ақ жолы осы. Қалайша? Миллиондардың төсегін аңду керек пе? Жоқ! Ерді еркекке, әйелді әйелге үйлендіру керек! Ең жеңілі - қызтекелер мен еркекшораларды көбейту. Міне, осы жерде жоғарыда айтқан "Овертон терезесі" деп аталатын теория іске асады. Алдымен олар туралы жайлап пікір таратылады, жаппай кино түсіріліп, кітаптар жазылады. Халық көреді, естиді, шошынады, лағынет айтады. Мейлі, бастысы ой жүзеге асты! Екіншіден, жаппай ақша бөлінеді, жарнамалынады. Алғашқы "сондайларға" жәрдем беріледі. Солар сияқты киім кигендер мен жүргіштерді көбейтеді. Жұлдыз қылады, ән салдырады. Ондайлар дұрыс адамдар болуы мүмкін, бірақ халықтың көзін үйретіп жатқанын өздері білмейді.

Халық көреді, жайлап еті өле бастайды. Алғашқыдағыдай қарсыласпайды:
- Менің отбасымнан аулақ болса болды, өзгеде шаруам не? - деген ойда болады. Қыруар қаржы құйылып жатқаннан кейін ондайлар көбейеді. Бүкіл шоу бизнес пен кино өндірісін сондайлар ұстайды. Әлемнің түрлі елдерінде оларға үйленуге рұқсат беріле бастайды, өзгелерді азғырады.
Қарсыласқан елдерге (гомиктерді шектеген) "адам құқығын аяқ асты етуде" деген жала жабылады, соғыс ашады, санкциямен қысады, т.б

Ақыры ондайлар көбейген соң туу азаяды, бірте-бірте жоғалады.Тек белгілі бір адамдар бөлігі ғана ұрпақ таратады. Жоғарыдағы процесс әбден іске асып, жүздеген жылдардан кейін жер бетіндегі адамдар соғыссыз-ақ құриды. Бұл тірлік бірден істелмейді, жүздеген жылдарға созылуы мүмкін.

Міне, осы теорияға қызмет ететін, халықтың етін үйретіп, қызтеке болуға үгіттейтін сол корейлердің К-рор сияқты топтары. Яғни,ән айтқан болып сыртқы сықпыты арқылы халықтың етін үйрету, келесі кезеңге дайындау және өздеріне елтіген жастардың санасын улау! Әнге елтіген жас санаға гейліктен жерімеу, соны қабылдау ұрығын егіп сахна арқылы қызтекелік пен лезбейлікті халыққа білдіртпей көрсетіп, бойын үйрету.
Соны біздің "91" сияқтылар қағып алады. Не істеп жүргендерін өздері білмейді, "өнер" деп ойлайды.

"Сырға тағыпты" демекші, кеңес кезінде "Неуловимый мстители" деген фильм болушы еді ғой. Міне сол киноны көріп отырғанда әжем марқұм Яшка-цыганды көріп:
- Әй, байғұс-ай! Не істеп жүр? Мына орыстар жіберер ме екен, жалғыз байғұс-ай,- демесі бар ма..

- Әже, не дедіңіз?

- Не дейін, мына сорлы әкеден жалғыз тұяқ екен, ұрпағы жалғассын, жіберер дегенім ғой.
- Жалғыз? Кино ғой, әже..
- Мені үйретесің бе? Жап аузыңды! Құлағына сырға тағып алыпты, сосын айтамын да.

Сөйтсем, ертеде қазақтың еркегі де сырға тағыпты. Таққанда тек тұқымда жалғыз тұяқ, жалғыз ұлға тағады екен. Дұрысы, тағып береді екен. Соғыста ондайларға қылыш сілтемейді жау қолына түссе, босатып жібереді екен. "Тұқымы құрымасын" деп жауына да мәріттік жасаған халықпыз ғой. 

"91"-дің жігіттерін үйлеріндегі "тұқымжалғар" жалғыз ұлдар ма десем: Азамат, Дулат, Даниярдың інілері, Батырханның ағасы бар екен. Бұлардың елде жоқ ырымды бастап, жамандық шақырып жүргені несі екен?

Ән айтуы, музыка мәні мен мәнерлерінде шаруам жоқ!


Ерболат, жігіттер!

Қазақ халқын құртуға ат салыспаңдаршы?!

Еркекке ұқсаңдар!

Тәңірден қорқыңдар!

 

2 пікір
  • Халықтың көзін үйретпеуіміз керек,ондай әншілерден келешек ұрпақ үлгі алмау керек.Жүрегім айниды сол әншілерге.
    8 жыл бұрын
  • Бұл әңгімені тыңдайтын ерболат па, ол ерегісіп енді юпка киіп шықпаса деп отырмыз.
    8 жыл бұрын