Намаз уақыты кіргеннен кешіктірмей, құлшылығын жасау - әр мұсылманның парызы. Кейде уақыттың тапшылығынан, жол кептелісінен намазға үлгермей қалатындай жағдайлар болуы мүмкін. Осындай уақытта мына 6 жерден басқа барлық орында намаз оқуға болады:
- Қабір тұрған жерде
- Жануарлар тұрған жерде
- Жол қиылыстарында
- Моншада
- Мал соятын орындарда
- Қасиетті қағбаның шатырында оқуға болмайды. Ал қалған жердің барлығында, тіпті базарда да оқуға рұқсат.