«Ей, иман еткен мүмін-мұсылмандар! Сабыр және намаз арқылы жәрдем тілеңдер!»
Бойыңызды қорқыныш билеп, уайым шырмауына шырмалсаңыз және қайғы-мұң жағаңызға жабысса, дереу тұрып намаз оқыңыз. Рухыңыз қалпына келеді. Жүрегіңіз тынышталады. Алланың қалауымен, намаз - қайғы-мұңның тудырған басқыншылықтарды кетіруге және мұңды жоюға жеткілікті.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) қандай да бір мәселеге көңілі қаяуланса, азаншысы Біләлға: «Бізді намазбен рахаттандыршы, уа, Біләл!» деуші еді. Намаз - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең сүйікті дүниесі болды. Оның (с.а.у.) қуанышы да, бақыты да, намаз болатын.
Мен көп тарихи ұлы тұлғалардың өмірбаянын оқыдым. Сонда, олар әлдебір қиындыққа тап болғанда және қандай да бір сынаққа душар болғандарында бірден намазға тұрып, Құдайға мінәжат қылатындықтарын көрдім. Осылайша, бойларына күш-қуаттары оралып, ынта-жігерлері қалпына келетін...
...Ақылға салып қарасақ, біздің ең үлкен бағымыз - намаз екен. Бойымызды күнәдан тазартатын да намаз, Жаратушымыздың құзырында абыройымызды көтеретін де осы бес уақыт намаз. Намаз - үлкен қасіреттің емі, рух ауруының дауасы. Намаз - адамға сенімділік береді. Көкейді ризалыққа толтырады. Ал мешіттің қасында тұрып, намаз оқымай жүргендер қиындықтан көз ашпай, толассыз уайым кешіп, бақытсыз күн кешіп жатады1.
1Аяз әл-Қарни, «Лә Тахзан!» (мұңайма). Араб тілінде. Ықшамдап алынды.