Мұсылманға арналған 40 кеңес
Мұсылманға арналған 40 кеңес
8 жыл бұрын 9762

Ақыл-санасы жоқ мақұлық та жер бетінде тірлішік етеді. Ал, адам баласы ерен ақылдың иесі. Ол басқа хайуанға қарағанда зор парасатпен өмір сүреді. Имансыз адам адасудан көз ашпайды. Оның өмірі иманы кәміл мұсылманның Алланың разылығы үшін кешкен ғұмырына мүлде ұқсамайды. Имансыз жанның күн-түні рухани тоқыраумен өтсе, мұсылман адамның әр сәті ақиқат нұрымен нұрланады. Сонымен, мұсылманның өмірі Құдайды танымаған адамнан қалай ерекшеленеді екен?

Ол үшін әр мұсылман мына нәрселерді жасау керек:

1. Мұқтаждығына сай рухани ілім алуы тиіс. Шариғат туралы білімді кітаптан не имамнан алуға болады.

2. Күнә жасаудан сақтаныңыз.

3. Күнә жасасаңыз, сол мезетте тәубеге келіңіз.

4. Ешкімнің құқын бұзбаңыз. Сөзбен де, білекпен де ешкімге зиян тигізбеңіз. Өзге жан туралы ғайбат сөйлемеңіз.

5. Атақ пен байлықты тілемеңіз. Жұрттың назарын түсіретін киім мен тамақты алмаңыз.

6. Жасаған күнәңіз үшін біреу сөгер болса, еш ақталмаңыз. Іштей қателігіңізді мойындап, тәубеге келіңіз.

7. Мақсатсыз саяхаттай бермеңіз. Сапарда кездейсоқ жағдайлар көп. Адамдар жақсы іс жасаудың мүмкіндігін өткізіп алады. Керек мөлшердегі зікір оқылмай қалады. Зәру істерін уақтылы бітіре алмайды.

8. Бекер сөйлеу мен көп күлу опа бермейді. Маһрам емес адамдармен іске қатыссыз нәрсені сөз етпеңіз.

9. Бөтен адамдардың ұрыс-керісі туралы ешкімге тіс жарып айтушы болмаңыз.

10. Әр істеген ісіңізде шариғатқа сүйеніңіз.

11. Намазға жығылуға ерінбеңіз.

12. Уақыттың көбін оңаша өткізуге дағдыланыңыз.

13. Егер кездесуге барып, біреулермен сұқбаттасу керек болса, өз жағдайыңызды айтып мақтанбаңыз.

14. Жоғары дәрежелі шенеуніктер мен ел билеушілерден бойыңызды аулақ ұстаңыз.

15. Діни ұстанымы жоқ адамдардан алыс жүріңіз.

16. Айналаңыздағылардан кемшілік іздемеңіз. Бөтен адам туралы жаман ойламаңыз. Керісінше, өз қателіктеріңізді сараптап, тәубеге келіңіз.

17. Намазды шын ниетпен, уақтылы орындауға тырысыңыз.

18. Әрдайым Алланы ауызға алып отырыңыз. Қамсыз болмаңыз.

19. Алланы еске алған сайын жүрегіңізде қуаныш оянса, Аллаға сансыз мадақ айтыңыз.

20. Жұмсақ әрі әдепті сөйлеңіз.

21. Әр ісіңізге нақты уақыт бөліп істеңіз, жоспардан ауытқымаңыз.

22. Кез келген реніш, өкпе, қайғы, қаза - сынақ екенін естен шығармаңыз. Күйзелмеңіз. Ондайда Алланың сыйы мол екенін еске түсіріңіз.

23. Фәни тіршіліктегі есеп-қисап, кіріс-шығысты емес,  о дүниедегі өмірді көбірек ойлаңыз.

24. Сізге мұқтаж әр адамға ісінде, діни танымында пайда келтіруге тырысыңыз.

25. Тым аз тамақ ішіп, әлсіреп қалмаңыз. Тым көп тамақ ішіп, намазға жығылуды да қиындатып алмаңыз.

26. Алладан басқа жаннан ештеңе тілемеңіз. Тірі жаннан пайда, көмек келеді деп ойламаңыз.

27. Алланы тану жолында еш кідірмеңіз, тоқтамаңыз.

28. Құдай аз берсе де, көп берсе де оған разылық білдіруді ұмытпаңыз. Кедейлік пен мұқтаждық қорқытпасын.  

29. Өзіңіз қамқор жандардың қателігі мен сүрінгенін назардан тыс қалдырмаңыз.

30. Біреудің күнәсін білсеңіз, оны жасырып қалыңыз. Алайда бөтен адам басқаға зиянын тигізгісі келетінін біліп қалсаңыз, онда қауіп төнген адамды құлақтандырған абзал. 

31. Алланың жолындағы адал құлдарына, ғалымдарға, бейтаныстарға, сапардағы адамдарға, қонақтарға ілтипат білдіріңіз.

32. Иманды жандардың ортасында болуды таңдаңыз.

33. Үнемі Алладан қорқыңыз.

34. Өлімді ұмытпаңыз.

35. Әрқашан бүгініңізді сараптауға уақыт бөліңіз. Жақсы іс істей алсаңыз, Аллаға сансыз мадақ айтыңыз. Жаман іс істесеңіз, тәубеге келіп, Алладан кешірім сұраңыз.

36. Ешқашан өтірік айтпаңыз.

37. Шариғаттың заңдылығына қарсы жиындарға қатыспаңыз.

38. Қарапайым, арлы, төзімді болыңыз.

39. «Мынадай жақсы қасиеттерім» бар деп өзіңізді текке алдаудан сақ болыңыз.

40. Алла ақ жолынан адастырмасын деп дұға тілеуден жалықпаңыз!

Ағылшын тілінен аударған Малика Умм Яхья

Орысшадан аударған Шынар Әбілдә

1 пікір