Мұсылман адам орындауы тиіс 100 сүннет
Мұсылман адам орындауы тиіс 100 сүннет
6 жыл бұрын 7659

1. Құран әдебін бойына сіңіріп, соған сай өмір сүру.

2. Әр істі «бисмилләмен» бастау.

3. Сәлем беру және сәлемге жауап қайтару.

4. Адамдармен қол алысуқажет болса құшақтасу.

5. Адамдардың хал-жағдайын сұрауамандық-саулық сұрағанға жауап қайтару.

6. Қай жерде немесе қай жаста болмасын ілім үйрену.

7. Үйренген ілімін адамзаттың пайдасына қолдануоларды басқаларға үйрету және білген ілімдерін бөлісу.

8. Бір хабарды жеткізгенде сүйіншілеу және жеңілдету.

9. Адамдардың істеген нәрселерін ниеттеріне қарай бағалау.

10. Жастық шақтың қадірін білу.

11. Уақытты бағалай білу.

12. Денсаулықтың қадірін білурух және дененің саулығын қорғау, денсаулыққа зиян тигізетін нәрселерден сақтану.

13. Аурудың емін іздеу.

14. Адамдардың әрдайым қолданысына жарайтын еңбектер жазыпқайырлыпайдалы мирас және өшпес үлгі қалдыруеңбек ету мен жақсы әдетті дамыту.

15. Өзінің мамандығының шеңберінде ғана сөз сөйлепжұмыс істеу.

16. Халықтың Исламның негізгі қағидаларына қайшы келмейтін әдет-ғұрыпсалт-дәстүрлерін қолдапоны әрі қарай жандандыру.

17. Бір қателікті екі рет қайталамай ақылдылықпенпарасаттылықпен әрекет ету.

18. Екі күні бір-біріне ұқсамайүнемі алға жылжуға және өзгеріс енгізуге тырысу.

19. Сөйлегенде байсалдылық танытыпқанағаттанарлық дәрежеде сөйлеу.

20. Пайдалы сөз сөйлеу не болмаса үндемеу.

21. Нақты әрі түсінікті тілде және қасындағы адамның дәрежесіне қарап сөйлеу.

22. Кішіпейілинабатты болу.

23. Жылы жүзді болу.

24. Аз күлу.

25. Қорқақ болмаубатыл бола білу.

26. Мұсылмандарды бауыр санаполардың қуанышымен бірге қуану, мұңлы және қайғылы сәттерін бірге бөлісу.

27. Адамдардың бәрін бірдей Алланың жаратқан құлдары деп білуоларды құрметтеу және оларға сүйіспеншілікпен қарау.

28. Табиғаттағы тіршілік иелерін және жан-жануарларды қорғау.

29. Үлкендерді құрметтепкішілерге мейірімділік пен қайырымдылық көрсету.

30. Үш күннен артық ренжімеу және ренжіскендердің арасын татуластыру.

31. Ағайын-туыстарға және жора-жолдастарға барып тұру.

32. Уәдесіне берік болуағайын-туысжора-жолдастармен қарым-қатынасты үзбеу.

33. Балаларға жақсы ат қою.

34. Дүниеге келген бала үшін шүкір құрбандығын (ақиқашалу.

35. Жеті жастан кейін балаларға дінді үйрету.

36. Балалардың арасын бөліп-жарып қарамау.

37. Отбасының тәртібі мен тұрақтылығына мән беру; ерлі-зайыптылардың бір-бірінің құқықтарына құрмет көрсетулері; отбасын басқаруда отағасының белсенді рөл атқаруы.

38. Ерлі-зайыптылардың бір-бірлерін жақсы көріпқұрмет көрсетулері және бір-бірлерінің ар-намыстарынабыройларын қорғаулары.

39. Ауруларды зиярат ету.

40. Қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айту.

41. Көршілерге қарайласу.

42. Кейбір намаздарда парыздан бұрынкейбіреуінде парыздан кейін сүннет намаздарын оқумүмкіндігінше нәпіл намаздарды оқуға тырысу.

43. Мүмкіндігінше жамағатпен намаз оқуға тырысу.

44. Дәретпен жүру.

45. Адамдарды жиіркендіретін ласжағымсыз иісұнамсыз көрініскиім және жаман іс-әрекеттер мен сөздерден сақтану.

46. Дұға жасағанда қолды көтеру және бет сипау.

47. Дүйсенбі күндері ораза ұстау.

48. Адамдарға Исламды жеткізгенде әдептілік пен сыпайылық танытыптүсіністікпен қарап,бірбеткейліктен аулақ болу.

49. Адамдардың қажеттіліктеріне қол ұшын беру.

50. Басшылардың әділеттісөздеріне берік,мейірімді болулары және төңірегіндегілермен ақылдасулары.

51. Нәсілдінділқоғамзаңэкономикаер-әйелбай-кедей деп бөліп-жарып қарамауосылай жасағандарды қоғамнан алыстату.

52. Ең қиын шарттарда және уақыттарда болсын қорқақтық танытпау.

53. Қиыншылық пен жоқшылыққа қарсы күресе білу.

54. Тура сөзді болу.

55. Сенімді болу.

56. Сөзінде тұру.

57. Саудаласып қойған сауда ісіне килігіпараны бұзбау.

58. Пара алмаупара бермеу.

59. Бөтен үйге рұқсатсыз кірмеу.

60. Бөтен үйдің есігін үш рет қағу немесе қоңырау тетігін үш қайтара басу.

61. Отырғанда әдебіне сай сыпайылықпен отыру.

62. Шақырылған жерге бару.

63. Сыйлық беруберілген сыйлықты алу.

64. Тамақ жегенде асықпай сіңіре отырып жеу және өз алдынан жеу.

65. Суды үш реттен ұрттапмүмкіндігінше отырып ішу.

66. Бір нәрсе жеп жатып сөйлемеуәлдекім жеп жатқанда аузына қарамау.

67. Адамдармен сөйлескенде жүзіне қарау.

68. Кешірім сұраукешірімді болу.

69. Кешірімшіл болуөш алмау.

70. Ашуланғанда өзін ұстай білу.

71. Адамдарға және жануарларға қиянат жасамау.

72. Адамдарды шектен тыс көздерінше мақтамау.

73. Кішіпейіл болу.

74. Тіліне ие болуғайбаттанжалақорлықтан,өсек айтудан сақтану.

75. Балағаттамау және жаман сөз сөйлемеу.

76. Ешкімге қарғыс айтпауқарғыс айтудан және қарғысқа ұшыраудан сақтану.

77. Қанағатшыл болуөзіне жетерлік нәрсеге қанағат етіпқолында барына разы болу.

78. Ұяттыәдепті және арлы болу.

79. Әлдекімнің сұранысын қабылдамағанда,сыпайылық танытып жұмсақ тілмен жеткізу.

80. Биязы және жанашыр болу.

81. Қонаққа жақсы қарым-қатынас көрсетіп,оны күту.

82. Әлсіздің және жапа шеккен адамдардың жанында болу.

83. Жетімдергежесірлергекедейлерге,жолда қалғандарғаәлсіз және ешкімі жоқтарға,аш қалғандарға қолдау көрсетіпжәрдем беру.

84. Адамдардың мұқтаждықтарына қол ұшын созып көмек көрсетуҚарыз болған кісіге,тұтқынға және өзгелердің бодауына түскендердің құтылуына жәрдем беру.

85. Жолды білмегендерге жол көрсету.

86. Кемтарларғамүгедектерге бас-көз болып,қамқорлық жасау.

87. Сыртқы келбетіне мән беру.

88. Өте сәнді және көз тартарлықтай киінбеуқарапайым киіну.

89. Қалай болса солай киініп халықтың арасына шықпау.

90. Жұмысшыға маңдай тері қатпай тұрып ақысын беру.

91. Кісінің өз шаруасын өзі істепбасқаларына жүк болмауы.

92. Кез келген уақыт және кез келген істе орта жолды ұстаныпшегінен шықпау және шегінен тым азайтып та жібермеу.

93. Қоғамдық тәртіпке зияны тиетін іс-әрекеттерден сақтануосылай жасаушылардан сақ болыполарға қарсы күресу.

94. Өзіне қатысы жоқ істерден бойын аулақ ұстау.

95. Басқаларға зиянын тигізбеу.

96. Өзіне қалаған нәрсені басқаға да қалау.

97. Түшкіргенде «әлхамдулиллә» деп айту. Мұны естіген адам түшкірген кісіге есендік тілеп,лажы болса «ярхамукаллаһ» деп айту, түшкірген кісіге де «яһдини уа яһдикумуллаһ» – деп жауап қайтаруы қажет.

98. Есінегенде ауызын жабу.

99. Ағаш егу.

100. Құран КәрімҚағбақұбыламешіттеразан, қажылық жасалатын жерлер, құрбан шалу,сүндетке отырғызу сияқты Исламның нышандары мен рәміздерін қорғау, өмір сүруін қамтамасыз ету, басқа дін және сенімдердің рәміздерін тақпау.

0 пікір