Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде:
Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар.
Құтқаратын үш нәрсе:
- Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу,
- Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу,
- Разылықта да, ашуда да әділ болу.
Қирататын нәрсе:
- Қатты сараңдық,
- Созылмалы әуейілік,
- Өзіне-өзі таң қалу.
Дәрежені көтеретін үш нәрсе:
- Сәлемдесу,
- Адамдарды тамаққа шақыру,
- Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу.
Күнәні жуатын үш нәрсе:
- Суық түндерде дәрет алу,
- Жамағат намаздарына бару,
- Намаздан соң келесі намазды күту» - деген (Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен).