«Көңіліңіз құлазыған кезде біреуге жақсылық жасаңыз!» (Мотивация)
«Көңіліңіз құлазыған кезде біреуге жақсылық жасаңыз!» (Мотивация)
1 жыл бұрын 3550
Аяз Қарни

Бисмилләһир рахманир рахим

«Әсемдіктің есімі әдемі. Игіліктің өзі әдемі. Қайырдың дәмі әдемі» демекші, адамдарды қуантудан ең әуелі пайда көретіндер - сол жақсылықты істеушілер. Олар істеген жақсылықтарының жемісін сол сәтте-ақ, ішкі жан дүниелерінде және мінездерінде көреді. Ішкі жан дүниелерінде бейнебір қуанышты, риза болушылықты, тыныштықты және көңіл хоштығын сезетін болады. 

Сондықтан да, сені уайым-қайғы айналшықтап шықпай қойса, біреуге жақсылық жаса. Біреуге көмек көрсет. Лезде қуаныш пен бейнебір бақыттылықты сезесің. Жоққа бер. Панасызға пана бол. Қайғыға батқанды құтқар. Ашты тойдыр. Аурудың көңілін сұра. Әлсізге жәрдем бер. Сонда бақыт құшасың.

Сөзсіз, ізгілік істеу хош иісті әтір іспетті - әтірді тасымалдаған да, сатқан да, сатып алған да хош иістен пайдаланатыны сияқты, игілік істеу де сондай. Жақсылық істеу адамның жан дүниесі үшін - ізгі жүректердің тұрғызған игілік дәріханасындағы берекелі тұнба іспетті.

Сондай-ақ, күлімсіреу арқылы жылулық шуағын әдептен кенде болып жүргендерге тарату да, осы өмірде жария садақамен тең. Хадисте: «Қандасыңа күлімсіреп қарауыңның өзі садақа» делінген. Ал түнерген жүздер - өзгелерге қатерлі соғыс ашқанмен тең.

Қабаған итке бір уыс су ішкізген әйелге сол ізгілігі үшін кеңдігі көктер мен жердің көлеміндей болған пейішті берді. Өйткені пейіштің иесі кешірімді, алғысы мол. Ол (Алла) - әсем, әсемдікті жақсы көреді. Ол (Алла) - бай, мақтауға лайықты ұлы зат!

Ей, бақытсыздық пен уайым-қайғының шырмауына батқан жан! Ізгілік істер бақшасына жүгіргін. Біреуге жақсылық жасаумен шұғылданғын - жоққа бер, сыйлық сыйла, көмек қолын соз, жәрдем ет, қызмет қыл, сонда, қуаныштың дәмін татып, түсін көресіз. «Сондай малын сарып қылып тазарғандар. Олардың ешкімде ол үшін күтер сыйлықтары жоқ. Олар ұлы Раббысының ризалығын ғана іздейді. Сондай-ақ олар, таяуда риза болады». («Ләйл» сүресі, 19-21 аят)1.


1  Аяз әл-Қарни: «Лә тәхзан» («Мұңайма»). Араб тілінде.

Аударып, дайындаған А. Қасым

 

0 пікір