«Кімде-кім аман-есен таң атырса, осы дұғаны оқысын»
«Кімде-кім аман-есен таң атырса, осы дұғаны оқысын»
9 жыл бұрын 9343 Асқар Болатбекұлы

اللَّهُمَّ بِكَ أَصْبَحْنا وَبِكَ أَمْسَيْنَا وَبِكَ نَحْيَا وَبِكَ نَمُوتُ وَإِلَيْكَ انُّشُؤرُ

Аллаһуммә бикә асбахнә уә бикә әмсәйнә уә бикә нахя уә бикә нәмууту уә иләйкәннушуур

Мағынасы: Уа, Алла Тағалам! Сенің арқаңда таң атырып, Сенің арқаңда кеш батырдық. Сенің арқаңда тіршілік етіп, Өзіңнің қалауыңмен дүниеден озамыз. Соңында қайта тіріліп, бір Өзіңе қайтамыз.

«Кутубу ситтә» деп аталатын ең сенімді алты хадис кітабының төртеуінде де аздаған өзгеріспен кездесетін бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім аман-есен таң атырса, осы дұғаны оқысын. Сондай-ақ, кімде-кім амандықпен кеш батырса, осы дұғаны оқысын», − деген.

Сунәну Тирмизи, Китәбу әд-да‘ауат 3313;
Сунәну Әбу Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4406;
Сунәну Ибни Мәжа, Китәбу әд-ду‘а 3858;
Муснәду Ахмәд, Бақи Муснәди әл-муксириин 10345)

0 пікір