Кедейлікке себеп болатын әдеттер
Кедейлікке себеп болатын әдеттер
7 жыл бұрын 10988 muftyat.kz

Байлыққа құштар болудан сақтан, байлыққа деген тізгінсіз құштарлық  – бұл кедейліктің себебі» 

 
Ең алдымен, басқа да ауыртпалықтар сияқты кедейліктің де сынақ екендігін білген жөн. Кедейлік Алланың сүйген құлының дәрежесін көтеру үшін немесе күнәсінің өтелуі үшін әлде жаза ретінде де берілуі мүмкін. «Басқаларға қарағанда ауыртпалықтарға пайғамбарлар, әулиелер және олардың жолдарын ұстанушылар ұшырайды» (Маджмауз-Зауаид, 2/292). Бұл хадистен түсінгеніміздей, ауыртпалық тек жаза болып табылмайды, ол артықшылық пен Аллаға жақындықтың да белгісін білдіреді.
 
Кедейлікке ұшырататын амалдарға келесілерді айтуға болады: 
 
1. Зина. Кедейлікке ұшыраттаны күнәлардың басында зина тұрады. Хадистердің бірінде былай айтылған: «Зина кедейліктің себепкері» (Канзул-Уммал, №:12989).
 
2. Қайыр сұрау. Тілемсектікпен айналысатындарға да кедейліктің есігі айқара ашылатын болады. Имам Тирмизи келтірген хадистердің бірінде былай келтірілген:
«Кімде кім тіленшектік есігін ашар болса, оған Алла кедейліктің жетпіс есігін ашып қояды» (Тирмизи, Зюхд, 17).
 
3. Байлыққа құштарлық. Байлыққа деген шектен шыққан құштарлық та кедейліктің шақырушысы болып табылады. Хадистердің бірінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адамға былай айтқаны жеткізілген: «Байлыққа құштар болудан сақтан, байлыққа деген тізгінсіз құштарлық  – бұл кедейліктің себебі» (Хаким, 4/326). 
0 пікір