Картаңызды банкомат жұтып қойса, қалай оны лезде қайтарып алуға болады?
Картаңызды банкомат жұтып қойса, қалай оны лезде қайтарып алуға болады?
5 жыл бұрын 19138 www.24.kz/

Картаңызды банкомат жұтып қойса, оны бір минут ішінде қалай қайтаруға болады? Оған қатысты Sterlegrad басылымы бір қатар кеңестер ұсынған екен. Соны сіздермен бөлісе отыралық.

Оның үш қарапайым жолы бар:  

Біріншіден - «Болдырмау» (отмена) батырмасынан саусағыңызды алмай басып тұрасыз.

Екіншіден - «Болдырмау» батырмасын 10 секундтан 5 минутқа дейінгі аралықта «Қызметті аяқта» (завершить обслуживание) деген жазу пайда болғанға шейін басып тұрыңыз.

Үшіншіден - «Қызметті аяқта» деген жазу шыққан кезде «Болдырмау» түймесін босатпастан, екінші қолыңызбен «Иә» дегенді басасыз. Артынша карта сізге қайта оралады.   

Сіздің мұндай жағдайға тап болмауыңызды тілейміз, әйтсе де, бұндай жағдай басыңызға келсе, еш қаймықпастан, жоғарыда айтылып өтілген қарапайым әдісті қолдану арқылы картаңызды кері қайтарып алуға болады. Сәттілік!

Аударған: islam.kz

0 пікір